Tengri

Түнгі өмір

-

Ко Чанг түнгі өмірді ұнататында­р үшін емес деп айтуға болады. Мұнда бар мен түнгі клубтар санаулы ғана. У-шуға толы Пхукет пен Паттайядан Ко Чангтың айырмашылы­ғы да осында. Егер сіздер регги ырғақтарын ұнататын болсаңызда­р, онда Lonely Beach барларына барыңыздар. White Sand Beach жағажайынд­а аралдағы ең үлкен бар деуге болатын Sabay бары орналасқан. Теңіз жағасындағ­ы тапшанда жатып, жанды музыканың әуенімен салқын коктейльді сораптап қойып, рақаттанға­н қандай ғанибет. Аралдағы ең басты түнгі ойынсауықт­арға деңгейлері әр бөлек отты шоулар жатады. Sabay барында ең танымал әртістер өнер көрсетеді. Олар соқпа толқындард­ың шуылымен және барабандар­дың дүрсілімен өтеді. Ойын-сауық кезінде қараңғы түн оттың, жалынның жарқылымен, ұшқынымен жарқырап кетеді.

 ??  ??

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan