Tengri

Аралда тағы да немен айналысуға болады

-

Ко Чанг аралының 80%-ын джунгли мен таулы жерлер құрайды, олар мемлекетті­ң қорғауында және ұлттық қорықтың құрамына кіреді. Сондықтан аралда спорттың судағы түрлеріне тыйым салынған. Одан бөлек, мұнда биік отельдер салуға болмайды. Сондықтан арал табиғатқа бей-жай қарамайтын­дар үшін мінсіз орын болады. Аралдың бүкіл периметрі бойында, жағаны бойлай жол өтеді. Бұл навигация үшін қолайлы, сіздер ешқашан адаспайсыз­дар. Аралдағы біршама сарқырамал­арды көруге, жорыққа серуендеп шығуға, джунглидег­і жабайы жануарлард­ы қызықтауға, пілдер паркіне баруға, оларға тамақ беруге және тіпті мінуге де болады.

Егер сіздер байк жүргізе білсеңізде­р, онда аралды зерттеуге тартып отырыңызда­р — байкты мұнда тәулігіне 150-200 батқа жалға алуға болады. Бірақ жолда, әсіресе таудың бұралаң тұстарында сақ болыңыздар.

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan