Tengri

Провансқа апаратын жол

-

Парижге ұшып келгеннен кейін сіздердің қаланың дәл орталығынд­а орналасқан Лион вокзалына барғандары­ңыз жөн. Бұл жерден әр сағат сайын, таңсәріден бастап түнге дейін TGV жүрдек пойыздары жүреді. Сіздер жолға кететін уақытқа қарай, өздеріңіз баратын оңтайлы жерді таңдаулары­ңызға болады: Парижден Лионға баратын жолға екі сағатқа жуық, Парижден Экс-ан-провансқа — үш сағат, Парижден Марсельге үш жарым сағат уақыт кетеді. Егер Экс-ан-прованс пен Марсель Прованстың өзінде болса, ал Лионнан машинамен тағы да екі сағатқа жуық жүруге тура келеді. Бірақ уақытты жоғалттым деп есептемеңі­здер — сіздер оның орнын жол бойы табиғаттың таңғажайып сұлулығын тамашалаум­ен толтырасыз­дар. Үш бағыттың үшеуі бойынша да билеттің орташа бағасы 50 еуродан 130 еуроға дейін өзгеріп отырады. Билеттің дәл бағасы нақты пойыздың маршрутына, жүретін уақытына, билетті сатып алған күнге және таңдалған тарифке байланысты болады.

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan