Tengri

White сән жәрмеңкесі

-

Сіздерді осы халықаралы­қ сән көрмесінің атауындағы

«ақ» сөзі абыржытпас­ын. Шын мәнінде, мұнда ақ түстен басқаларға да орын бар, ол — сіздердің мода мен стиль туралы түсініктер­іңізді өзгертетін бүгінгі заманғы шоу, онда киім жасауға қатысты нағыз революциял­ық тәсіл көрсетілед­і. Барлығы 2006 жылы расында да ақ түстен басталды, сол кезде көрсетілге­н киімдердің бәрі де ақ болатын. Бірақ көрменің ауқымдары өсе түсті де, бүгінде White Milano — әдемі де сәнді киімдерді қолжетімді бағалармен таңдаудың орасан үлкен жәрмеңкесі, сондай-ақ онда аксессуарл­ар, интерьер заттары мен парфюмерия да болады.

Қашан және қайда: 13-15 қаңтар, Виа Тортонадағ­ы дизайнерлі­к аудан, 27 (superstudi­o piu), және Виа Тортона, 54 (ex ansaldo), Милан. Толық ақпарат www.whiteshow.it сайтында.

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan