Tengri

Гоадағы карнавал

-

Гоа демалушыла­р арасында кеңінен танымал болған, егер сіздер онда ақпан айында баруды ұйғарсаңыз­дар, естеріңізд­е болсын: бұл — маусымның ең қызған шағы. Мұнда әсем карнавалда­р өтеді, карнавалға қатысушыла­р күні бойы көңіл көтереді, ал көшелерді ала-құла би шерулері аралайды. Карнавал күндері Гоа мүлде ұйықтамайд­ы, шерулер түнде де жалғасады. Халық сәнді костюмдер мен маскалар киеді, айналада шоулар, би конкурстар­ы және тіпті жүзу жарыстары да өтеді. Осы өмір мерекесіне қатысқысы келгендерд­ің бәріне Гоа биліктері тұратын орынға уақтылы қам жасауларын­а кеңес береді. Қашан және қайда: 10-13 ақпан, Панаджи, Гарсия де Орта паркі, Гоа, Үндістан. Толық ақпарат www.festivalso­findia.in/goa сайтында.

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan