Tengri

Салтанат Жақсылықов­а, инженер-механик. Питер Юан, аудармашы

-

Қытайда «Аспанда — жұмақ, ал жерде — Ханчжоу» деген мақал бар. Бұл — Қытайдағы ең әсем және романтикал­ық қалалардың бірі. Ұлы саяхатшы Марко Поло оны әлемдегі ең сұлу қала деп есептеген. Мұнда ағаштар мен гүлдер өте көп, тап-таза, төңіректі тамашалап, жаяу серуендеге­ннен ләззат алуға болады. Қаланың басты көз тартарлық жерлерінің бірі — таулар мен жасыл парктер қоршаған Сиху көлі. Күндіз тауға шығуға болады, таудан көлдің ғажайып көрінісі ашылады, тау бөктерлері­нен шағын храмдарды кездестіру­ге болады.

Сиху көлінде орналасқан субұрқақта­р шоуы үшін кешке мұнда өте шулы және адамдар көп болады. Қалған ермектер де көлдің жанында: клубтар, барлар, ең жақсы ресторанда­р, дүкендер. Міндетті түрде шай дүкеніне кіріп, Қытайдағы ең атақты шайлардың бірі — лунцзинді сатып алыңыздар, оны тікелей осы өлкеде өсіреді. Таңдаулы тамақтарға құмар адамдарға пекинше әзірленген керемет үйректің дәмін тату үшін Quanjude Roast Duck ресторанын­а баруға кеңес береміз. Жұрттың айтуынша, Си Цзиньпинні­ң өзі осы ресторанға жиі келеді және онда шетелдік қонақтарды қабылдайды екен.

 ??  ?? Ханчжоу / Hangzhou
Ханчжоу / Hangzhou

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan