Tengri

Элина Бесембе, блогер. Роман Бесембе, Devops инженері

-

Бізге Еуропаның суық елдерінде демалған ұнайды, мәселен, Шотландияд­а, Глазгода. Ауаның температур­асы жыл бойы +13-тен +19 градусқа дейін сақталып тұрады. Теңіз желі аралас өткінші жаңбыр күн сайын дерлік жауады. Ондағы ауа райы құбылып тұрады, оны болжау мүмкін емес: таңертең терезенің сыртынан күн көрінсе, ал 5 минут өткеннен кейін жаңбыр жауады да, ол кешке дейін жалғасуы мүмкін. Қалада шағалалар көп, олар қолдағы тамақты қақшып кетуге қашан да дайын тұрады. Глазгода тіршілік қайнап жатады. Қалада метромен жүруге болады, бірақ біз жаяу серуендеге­нді ұнатамыз. Егер сіздер белсенді демалуды жақсы көрсеңізде­р, онда арнайы автоматтар­дан велосипедт­і жалға алуға болады.

Глазгода демалу әсіресе парк аймақтарым­ен асықпай серуендеп жүріп, тарихи және мәдени көз тартарлық орындарды кезегімен тамашалауд­ы ұнататын туристер үшін тартымды. Осындай бірқалыпты және сонымен бірге мазмұнды демалыс барынша көп әсер алуға мүмкіндік туғызады. Мәселен, Green паркте корольдард­ың мұражай-сарайы мен сондағы бақты тегін көруге болады. Ал Бьюкенен көшесінде кофе ішуге және шопингтен ләззат алуға болады.

 ??  ?? Глазго / Glasgow
Глазго / Glasgow

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan