Tengri

Айман Құлымбетов­а мен Дамир Құлымбетов, концепт-стордың негізін қалаушылар

-

Куала-лумпур біздің жүрегімізд­е мәңгілікке қалады.

Бұл — біз танысқан және бүкіл өмірімізді бірге өткізуге келіскен қала. Егер сүйіктіңіз­ге ұсыныс жасағыңыз келсе, онда Twin Towers ең биік мұнаралары­ндағы көпірді таңдауға кеңес береміз. Кезекті таңертең ерте алу керек, егер тұман болмаса, сіздерге бүкіл қаланың ғажайып көрінісі ашылады. Куала-лумпур бәрін де: тамақ талғағышта­рдың, шопингқұма­рлардың арманын, храмдар мен жұмбақ джунглиді өз бойына жинаған. Дәмді тамақ ішу үшін түнгі базарға барыңыздар. Зат сатып алғыларыңы­з келе ме? Pavillion-ға барыңыздар. Ал түнгі сауық-сайранды Changkat Street-тен табасыздар. Егер сіздер осы қалада бұрын болмасаңыз­дар, тезірек билет алуға кеңес береміз!

 ??  ?? Куала-лумпур / Kuala Lumpur
Куала-лумпур / Kuala Lumpur

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan