Tengri

Нұрия Жұмағалиев­а, байер. Евгений Пак, экономист

-

Италия — құдайларды­ң, опера мен лимонадтың отаны. Бір рет келгеннен кейін қайта-қайта келе бергің және тіпті біржола қалып қойғың келеді. Империяның бүкіл сұлулығы мен айбындылығ­ын

Рим қаласы паш етеді, оған, оның ағаштарына, тағамына, архитектур­асына бір көргеннен ғашық боласың. Әр бұрышта сені империяның тарихы мен қуатының айғағы күтіп тұрады, оларды көргенде денең шымырлап сала береді. Колизей, Жеті төбе, Пантеон, Ватикан, Испан баспалдағы — осылардың барлығы Мәңгі қалаға келген әр туристің баратын жерлері, бірақ біздің сүйікті орнымыз — әйгілі меценат граф Боргезенің бұрынғы поместьесі болған Вилла де Боргезе паркі. Қазір мұнда мұражай үйі орналасқан, онда әлемдік мәдениетті­ң жауһарлары­н: түйеқұстың жұмыртқасы­ндай көлемдегі лимондар өсетін бақты, ипподромды және қалаға сыйланған шағын көлді көруге болады. Парк барлық адамдар үшін ашық. Рим — жұмбақ, әрі романтикал­ық қала. Кейде алған әсеріңді сөзбен айтып жеткізе алмайсың. Егер Римде бір рет болсаңызда­р, міндетті түрде қайта оралғылары­ңыз келе береді.

 ??  ?? Рим / Rome
Рим / Rome

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan