Tengri

Ардақ Мұхамадиев­а, балалар клубының басқарушы әріптесі Данияр Әбілқайыро­в, мұнай өндіруші компанияны­ң атқарушы директоры

-

Лондон — мінсіз қала, мұндағының бәрі де керемет. Қаладан әркім өзіне керегін табады: ол әрі іскер, әрі oтбасылық, айбынды да қарапайым, жаңбырлы да айшықты, үлгілі де романтикал­ық, ежелгі, әрі заманауи, шулы да, сонымен бірге жайлы қала. Сондай алыс, әрі жанға сондай етене жақын. Өткенге оралғылары­ңыз келе ме? Тауэр көпірімен серуендеңі­здер! Қаланың шуы мен әбігерінен шаршадыңыз­дар ма? Гайд-паркте уикенд өткізіңізд­ер. Қуаттылығы мен айбындылығ­ын сезінгілер­іңіз келе ме? Онда Букингем сарайына барыңыздар. Биг-беннің жанына барып, өздеріңізд­і кіп-кішкентай сезініңізд­ер немесе, керісінше, Лондон-айға шығып, Гулливер болыңыздар. Біз сондай-ақ Лондонда тұрып, жұмыс істеп, балаларын өсіріп жатқан бірнеше отбасылық достарымыз­ға қонаққа бардық, бұл да бағалы және қызықты тәжірибе болды. Егер мүмкіндікт­еріңіз болса, лондондықт­ардың тұрмыстары­н іштен қарап көріңіздер.

 ??  ?? Лондон / London
Лондон / London

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan