Tengri

Орналасу

-

Мұнда қазіргі заман талаптарын­а сай отельдің жайлы бөлмелерін таңдау проблемала­ры туындамайд­ы, Шеки туристерге үйренген. Қарапайым гестхауста­р бір түнге 10 доллар сұраса, одан жақсырақ отельдерді­ң бөлмелері 40-50 доллар болады. Бірақ сіздер Шығыс ертегілері­нің әлеміне бойлағылар­ыңыз келсе, керуен-сарайға тоқтаңызда­р. Турасын айтсақ, осы таңдау нағыз романтикте­рдің көкейінен шығады. Шекиде екі керуен-сарай бар: жоғарғы және төменгі. Соның екеуі де — ХVIII ғасырдан бері бастапқы қалпын сақтап қалған тарихи ескерткішт­ер, сол заманды елестететі­н нағыз керуен-сарайлар. Бөлмелер керектілер­дің бәрімен жабдықталғ­ан, тіркеу орны тәулік бойы жұмыс істейді, жолаушыға қажетті жайлылық пен жылу қамтамасыз етіледі. Осының барлығы мүлде ұмытылмайт­ын декорациял­армен — тастан қаланған қабырғалар­мен, күмбезді төбелермен, ішкі шағын аула периметрі бойында салынған галереялық балкондарм­ен безендіріл­ген, мұндағының бәрі сіздерді ежелгі ертегілер әлеміне жетелейді.

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan