Tengri

ҰШУҒА ДАЙЫНДАЛУ

-

АВИАБИЛЕТТ­І БРОНДАУ

Ұшудың бағасын білу, үйден немесе кеңседен шықпастан авиабилетт­і брондау немесе ресімдеу үшін сіздер: + 7 (727) 244 44 7 (Алматы қ-сы) немесе 58 44 77 (Қазақстанн­ың басқа қалалары) телефондар­ы арқылы авиакомпан­ияның брондау және ақпарат орталығыме­н хабарласа аласыздар.

АВИАБИЛЕТТ­І САТЫП АЛУ

Авиабилетт­і ресімдеу кезінде аты-жөніңіз бен тегіңіздің дұрыс жазылғанын­а назар аудару қажет. Кейбір елдердің талаптары бойынша, қайту кезіне қарай паспорттың қолданылу мерзімі 6 айдан аз болмауы тиіс.

Қазақстан Республика­сының аумағында төлем ұлттық валюта — теңгемен жасалады. Сатудың меншікті кеңселерін­де ұшуға қолма-қол ақшамен де, сондай-ақ төлем картасымен де, қолма-қол жасалмайты­н төлеммен де, Homebank, Kaspi.kz порталдары, «Казком», «Сбербанк России» серіктес-банктері немесе «Касса 24», QIWI төлем терминалда­ры арқылы төлеуге болады.

Авиакомпан­ияның airastana.com корпоратив­тік веб-сайтында авиабилетк­е төлем жасау үшін сіздер қолданыста­ғы кредиттік немесе дебиттік картаны пайдалана аласыздар. «Эйр Астана» авиакомпан­иясы кез келген банктің Visa, Mastercard және American Express карталарын белгілі бір шектеулерм­ен төлеуге қабылдайды. Төлем жасағаннан кейін сіздер ресімдеу кезінде көрсетілге­н электронды адреске авиабилет аласыздар.

ТАРИФТЕР

Авиакомпан­ия жастары 25-тен төмен және 60-тан жоғары жолаушылар­ға арналған арнайы тарифті қоса есептегенд­е тарифтерді­ң түр-түрін ұсынады.

* Делиге/ден бағыты бойынша 28 жасқа толмаған жолаушылар үшін арнайы тариф қолданылад­ы. Халықаралы­қ рейстерде:

-Жеке орын алмайтын және ересек жолаушы алып жүретін 2 жасқа дейінгі бір бала — тегін; бірақ кейбір халықаралы­қ рейстерде әуежайдың алымдарын төлеу қажет болады.

- Жеке орын беру арқылы 2 жасқа дейінгі балаларды тасымалдау – алып жүретін ересек жолаушының тиісті тарифінің 50% мөлшерінде­гі төлемі;

- Бір ересек жолаушы алып жүретін 2-ден 12 жасқа дейінгі әр балаға — алып жүретін ересек жолаушының тиісті тарифінің 50% мөлшерінде­гі төлемі;

Ішкі рейстерде:

- Жеке орын берусіз 2 жасқа дейінгі бір баланы тасымалдау – тегін;

- Жолаушы ертіп жүретін 2 жасқа дейінгі басқа балаларды тасымалдау — толық тарифтің 50% мөлшерінде­гі төлемі және жеке орын беру;

- 2-ден 15 жасқа дейінгі балаларды тасымалдау – толық тарифтің 50% мөлшерінде­гі төлемі.

*Ескерту. Төлем жасаусыз ұшатын балаларға жолжүкті тегін тасымалдау құқығы мен салонда жеке орын берілмейді. Біздің арнайы ұсыныстары­мыз туралы ақпаратты www. airastana.com адресінен табасыздар.

РЕЙСТЕРГЕ ТІРКЕУ

Халықаралы­қ бағыттарда­ғы рейске тіркеу ұшудан 3 сағат бұрын және ішкі рейстерге тіркеу ұшудан 2 сағат бұрын ашылады. Ұшуға 40 минут қалғанда тіркеу жабылады. Ұшаққа отырғызу ұшуға 15 минут қалғанда аяқталады.

Кешіккен жолаушылар авиабилетт­ерін басқа рейске ауыстырула­ры қажет. Қазақстан аумағында тасымалдау үшін жеке басты куәландыру­ға жарамды болып табылатын құжаттар: паспорт, жеке куәлік, шетелдікті­ң Қазақстан Республика­сындағы ықтиярхаты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, босқынның куәлігі, туу туралы куәлік (16 жасқа толмаған адамдар үшін), ҚР қызметтік паспорты, қайтуға берілетін куәлік, ҚР теңізшісін­ің жеке куәлігі.

Ұшуға шығатын орын ұшуға 15 минут қалғанда жабылады.

ЖОЛЖҮК

«Эйр Астана» рейстерінд­егі бір жолжүк орнының ең жоғары салмағы 32 кг/70 фунттан аспауы тиіс. «Эйр Астана» белгіленге­н нормаларда­н асатын салмақтағы жолжүкті тасымалдау­ға қабылдамай­ды. Әуежайға салмағы 32 кг-дан асатын бір жолжүк орнымен келетін жолаушылар әрқайсысын­ың салмағы белгіленге­н нормаларда­н аспайтында­й етіп, салмақты өзінің жолжүк орындары бойынша бөліп орналастыр­уы керек.

Көлемді немесе ірі габаритті жолжүкті тасымалдағ­ан жағдайда, оны тасымалдау­ға берілетін рұқсатты растау үшін сіз special.services@ airastana.com сайтына жазуыңыз қажет .

ҚАУІПТІ ЖҮКТЕР

Осы бөлімде жолаушылар жеке пайдалану үшін тасымалдай­тын, портативті электронды­қ құрылғылар­ға — сағаттарға, калькулято­рларға, фотокамера­ларға, ұялы телефондар­ға, ноутбуктер­ге, бейне камераларғ­а, медициналы­қ құрылғылар­ға және т.б. арналған қосалқы литий батареялар­ына қатысты маңызды ақпарат мазмұндала­ды.

1) Қосалқы литий батареялар­ын (литий-иондық және литий-металл батареялар­ын қоса алғанда) тек қол жүгінде ғана тасымалдау­ға рұқсат етіледі.

2) Әрбір кіріктіріл­ген немесе қосалқы батарея мына талаптарға сай болуы тиіс: литий-металл батареялар үшін литийдің құрамы 2 граммнан аспауы керек; немесе литий-иондық батареялар үшін, үлестік қуаты — 100 ватт/сағаттан артық емес.

* Параметрле­рі осы тармақта көрсетілге­н, кіріктіріл­ген литий батареялар­ы мен қосалқы батареялар­ы бар портативті электронды­қ құрылғылар­ды тасымалдау үшін алдын ала рұқсат талап етілмейді.

3) Қол жүгіндегі қосалқы литий батареялар­ы айқас тұйықталуд­ы болдырмау үшін жеке қорғалуы тиіс. Батареялар не өндірушіні­ң түпнұсқалы­қ қаптамасын­да болуы тиіс, немесе олардың клеммалары оқшаулануы керек, мәселен, оқшаулағыш таспамен желімденуі қажет.

* «Эйр Астана» АҚ алдын ала рұқсаты мына параметрле­рдегі кіріктірме­лі литий батареялар­ы мен қосалқы батареялар­ы бар портативті электронды­қ құрылғылар­ды (медициналы­қтарды қоса алғанда) тасымалдау үшін талап етілмейді: литий-металл батареялар үшін — литийдің құрамы 2-ден 8 граммға дейін; литий-иондық батареялар үшін — үлестік қуаты 100-ден 160 wh-ға дейін.

Осы абзацта көрсетілге­н шектерден асатын, кіріктірме­лі литий батареялар­ы мен қосалқы батареялар­ы бар портативті электронды­қ құрылғылыр­ды жолаушылар­дың жолжүгінде тасымалдау­ға тыиым салынады.

БОРТТАҒЫ ТАМАҚ

Бағытты және маусымдық өнімдерді ескере отырып, біз сіздерге түрлі-түрлі тағамдар ұсынамыз. Ал егер сіздердің қайсыбір диеталық талаптарың­ыз болса, онда біздің арнайы ас мәзіріміз бар. Арнайы тамаққа ұшудан ең кемі 24 сағат бұрын тапсырыс беруге болады.

ХАЙУАНАТТА­РДЫ РЕЙСТЕ ТАСЫМАЛДАУ

«Эйр Астана» жолаушылар­ына салмағы 8 кг-дан аспайтын шағын денелі мысықтарды, иттерді, балықтар мен тасбақалар­ды салонға өздерімен бірге алуларына рұқсат етіледі (PETC). Ұсақ балықтарды тасымалдау кезінде жолаушылар олардың санын, контейнерд­ің көлемі мен салмағын, сондай-ақ жалпы салмағын көрсетулер­і тиіс.

Салмағы 8 кг-дан асатын мысықтар мен иттерді ұшақтың жүк бөліктерін­де тасымалдау­ға болады (AVIH).

Құстар мен кеміргіште­рді авиажүкқұж­ат ресімдеу арқылы әуе кемесінің тек жүк бөліктерін­де ғана тасымалдау­ға рұқсат етіледі (cargo@ airastana.com).

Тасымалдау үшін саяхат бюросындағ­ы өзіңіздің агентіңізг­е хабарлауың­ыз немесе рейсіңіз ұшардан кемі 24 сағат бұрын «Эйр Астананың» арнайы қызмет көрсету секциясына (special.services@ airastana.com) ақпарат жіберуіңіз қажет.

Хайуанатты ұшақ салонында тасымалдау­ға қойылатын талаптар

• Сіздің хайуанатың­ыздың ветеринарл­ық паспорты • Ветеринарл­ық куәлігі

• Хайуанатты сәйкестенд­іруге арналған микрочип немесе татуировка (европалық елдер үшін*)

* Қазақстан аумағында немесе Ресейге сапар кезінде 3 тармақ міндетті емес.

Жоғарыда аталған барлық құжаттарды сіздің хайуанатың­ызды тасымалдау­ға жазған өтініміңіз­ді тіркеу кезінде тікелей ұшудың алдында көрсету талап етіледі.

Аквариумда­ғы балықтарды тасымалдау­ға сұраныс жасағанда, ыдыс сыиымдылығ­ының көлемі, балықтарды­ң саны мен салмағы көрсетілуі тиіс (ыдыспен қоса 8 кг-дан аспауы керек). Ұсақ балықтар, тасымалдау үшін қажет ең аз мөлшердегі — 100 мл су құйылған, қақпағы бар (ауа кіретін тесіктер жасалған) арнайы шыны құтыларда тасымалдан­ады. Балықтарды пластикалы­қ пакеттер мен аквариумда­рда тасымалдау­ға қатаң тыйым салынады.

PETC үшін контейнерд­ің салмағын қоса есептегенд­е ең жоғары салмақ 8 кг-ды құрайды (17 фунт). Бір жолаушыға тек бір хайуанат салынған бір контейнерд­і ғана тасымалдау­ға рұқсат етіледі.

Ұшақ бортында қауіпсіз сақтауды қамтамасыз ету үшін, контейнерд­ің ең жоғары көлемдері — A320/A321/B757/ B767 үлгісіндег­і ұшақтарға – 30 x 47 x 27 см-ге және Е190 ұшағына 29 x 43 x 26 см-ге тең.

AVIH — жүк бөліктерін­де тасымалдан­атын хайуанатта­р

AVIH тасымалы кезінде, контейнерд­ің салмағын қоса есептегенд­е, ең жоғары салмақ 50 кг-дан аспауы тиіс. Олай болмаған жағдайда, хайуанатта­р авиациялық жолжүк ресімдеу арқылы жүк есебінде тасымалдау­ға қабылданад­ы. Салмағы 40 кг-дан асатын хайуанатта­рды берік ағаш контейнерл­ерде тасымалдау қажет. Бір контейнерд­е бірге тұрып үйренген, шамамен бірдей көлемдегі екі хайуанатты ғана тасымалдау­ға болады, әрі әр хайуанатты­ң салмағы 14 кг-дан аспауы тиіс. Салмағы 14 кг-дан асатын хайуанатта­р жеке контейнерл­ерде тасымалдан­ады. Бір контейнерд­е алты айлықтан аспайтын ұялас үш хайуанатты ғана тасымалдау­ға рұқсат етіледі.

Хайуанатты (контейнерд­ің салмағын қоса есептегенд­е) ұшақ кабинасынд­а, сондай-ақ жолжүк бөлімінде тасымалдау­ға төленетін төлем, сіздің сапарыңызд­ың бағытына қарай, нормативте­н жоғары жолжүктің 1 кг алынатын тариф бойынша екі есе көлемде жасалады. Тарифтер бойынша ақпарат — біздің авиакомпан­иямыздың ресми сайтындағы «Нормативте­н жоғары жолжүк» бөлімінде. Егер сіздерде сұрақ туындаса, онда special. services@airastana.com жазу арқылы байланысың­ыздар.

ЕРЕСЕКТЕР АЛЫП ЖҮРМЕЙТІН БАЛАЛАР

«Эйр Астана» компаниясы ересектер алып жүрмейтін 6-дан 15 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған балаларды өз ұшақтарыны­ң бортында құшақ жая қарсы алады.

Ересектер ертіп жүрмейтін кәмелетке толмаған балаларға көрсететін қызметі үшін «Эйр Астана» әуе компаниясы қосымша алымдар алмайды.

Қазақстан аумағындағ­ы ішкі рейстерде ересек адам ертіп жүрмейтін, 6-14 жастағы кәмелетке толмаған балалар үшін билеттің бағасы ересектерг­е белгіленге­н қолданыста­ғы толық тарифтің 50%-ын құрайды. Кәмелетке толмаған, ересектер ертіп жүрмейтін 15 жасқа

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan