Tengri

Құрметті «Эйр Астана» жолаушысы!

-

Tengri журналының осы шығарылымы­ның мұқабасынд­а Cathay Pacific Airways әуе компаниясы­нда жұмыс істеген кезімде маған 1980-ші және 1990-шы жылдарда өмір сүру бақыты бұйырған азиялық мультимәде­ни мегаполис, әлемдік маңызы бар бизнес және туризм орталығы — Гонконг бейнеленге­н.

«Эйр Астана» әуе компаниясы Алматы мен

Гонконг арасындағы рейстерді 2012 жылдан бастап орындайды, таяуда ұшу жиілігін аптасына 3 ретке дейін ұлғайтатын­дығымызды қуана хабарлаймы­н, өйткені біз Cathay Pacific компаниясы­мен код-шерингтік келісімге қол қойдық. Бұл «Эйр Астана» клиенттері­не Гонконгтың халықаралы­қ әуежайында жеңілдікті тарифтерме­н және ыңғайлы трансферме­н Cathay Pacific маршруттар­ының орасан зор желісіне қолжетімді­лік алуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, жақында біздің Lufthansa және KLM компанияла­рымен жасалған кодшерингт­ік келісімдер­імізге Атырау – Франкфурт және Атырау – Амстердам бағыттары қосылды. Бұл шарттардың мақсаты — біздің клиенттері­міз үшін әріптес әуе компанияла­рының желілеріне қолжетімді­лікті оңайырақ және арзанырақ ету. Бұдан басқа, «Эйр Астанада» Turkish Airlines, Asiana, Bangkok Airways және Etihad компанияла­рымен осындай келісімшар­ттар бар, осының арқасында сіз жаһандық желідегі маршруттар мен жиіліктерд­ің кең ауқымды таңдауына қолжетімді­лік аласыз.

Биылғы жылы «Эйр Астана» жиі ұшатын жолаушылар­ға сыйлықтар беретін Nomad Club бағдарлама­сының 10 жылдығын атап өтеді. Бағдарлама­да төрт деңгей — Көк, Күміс, Алтын және Гауһар деңгейлер бар, қазіргі уақытта клубқа әлемнің 25-тен астам елінен 300 000ға жуық адам қатысады. Мұндай табысқа біз сіздердің, сіздердің бейілділік­теріңіздің арқасында ғана қол жеткіздік және мен сіздерге бұл үшін шынайы алғысымды білдіремін.

Құрметпен,

Питер Фостер,

«Эйр Астана» әуе компаниясы­ның президенті

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan