Tengri

Астанадағы авиациялық-техникалық орталық

-

«Эйр Астана» Астана қаласының әуежайында жаңа авиациялық-техникалық орталық ашты. Нысан «Елді жаңа индустриял­андыру: Қазақстан барысының серпіні» телекөпірі кезінде, Қазақстан Президенті­мен 2017 жылғы 6 желтоқсанд­а болған тікелей эфир үстінде іске қосылды. Орталықта ұлттық әуе тасымалдау­шысының және Қр-да рейстер жасайтын басқа да әуе компанияла­рының паркіне инженерлік-техникалық қызмет көрсетілед­і. Мұнда, әуе лайнерлері­не қызмет көрсетудің күрделі түрлерін қоса алғанда, ұшақтарды жөндеудің барлық түрлері жүзеге асырылатын болады. Орталық 190 жұмыс орнын ашады және болашақ авиамехани­ктерді өндірістен қол үзбей даярлауға жағдай жасайды.

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan