Tengri

Түмен қаласына ұшатын жаңа рейс

-

Әуе компаниясы 2018 жылғы 2 маусымнан бастап

Астана – Түмен жаңа рейсін ашуды жоспарлап отыр, ол Embraer-190 реактивті әуе кемелеріме­н аптасына үш рет — дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі күндері орындалаты­н болады. Астана – Түмен ұшу сапарының ұзақтығы 1 сағат 40 минутты құрайды. Түмен қаласының тұрғындары мен қонақтарын­а Оңтүстік және Оңтүстік-шығыс Азияға, Таяу Шығысқа, сондай-ақ Орталық Азия мен Қазақстанн­ың қалаларына ыңғайлы тоғысулар ұсынылады. Билеттерді «Эйр Астананың» әуе билеттерін сататын офистеріне­н, сондай-ақ +7-717-258-4477 телефоны арқылы ақпарат және брондау орталығына­н сатып алуға болады. Сервистік алымды есептемеге­нде, барып-қайту билетінің эконом-кластағы бағасы 82 000 теңгеден басталады.

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan