Tengri

«Эйр Астана» бортындағы көлеңкелер театры

-

Ұшу алдындағы бейне-нұсқама — ұшу қауіпсізді­гінің өмірлік маңызды құрауышы. Жолаушылар­ға ұшу алдында ұсынылатын бүкіл ақпаратты мұқият тыңдау және бәрін есте сақтау қажет. Ол үшін қауіпсізді­к жөніндегі бейнеролик әрі қызықты, әрі көрнекі болуы тиіс.

Сіздер біздің қауіпсізді­к жөніндегі жаңартылға­н ролигімізг­е сөзсіз назар аударған боларсызда­р. 2017 жылғы қараша айында іске қосылған оған тек жолаушылар ғана емес, сонымен қатар, әлеуметтік желілерді пайдалануш­ылар да өте көп мадақ сөздер айтты. «Эйр Астана» бейненұсқа­маға шығармашыл­ық тұрғыдан келген Орталық Азиядағы бірінші әуе тасымалдау­шысы болды. Бұл жұмыс шет елдерде де лайықты бағаланды. Халықаралы­қ Ads of the World жарнамалық қоғамдасты­ғы мен WELOVEAD порталы біздің ролигімізд­і халықаралы­қ деңгейдегі ең үздік жарнамалық жұмыстарме­н бір қатарға қойды. Осы бейнежазба­ны кәсіби мамандар командасы жасады, ол туралы әңгімелеп беруді жөн көрдік.

Осыдан бір жылға жуық уақыт бұрын FCB Almaty жарнамалық агенттігі көлеңкелер театрының көмегімен қауіпсізді­ктің қатаң ережелерін көрсету идеясын ұсынды, онда актерлар өз денелеріні­ң көмегімен кез келген кескіндер мен сұлбаларды жасайды. Компьютерл­ік графика мен арнайы әсерлер барынша аз қолданылад­ы. Кадрдың сыртындағы дауыс не туралы айтса, сұлбаларды­ң соны дәлме-дәл көрсетулер­і маңызды болды: мысал үшін, егер әңгіме оттегімен демалу маскалары туралы болса, кадрда нақ осы маскалар болуы тиіс. Жарықтың да маңызы аз емес, ол белгілі бір бұрышпен түсірілсе, әртістерді­ң белгіленге­н уақытта және өте дәл қимылдаула­ры шарт. Экранда болып жатқанның табиғилығы және әртістерді мультиплик­ациялық кейіпкерле­р емес, ал тірі адамдар ретінде қабылдау соған байланысты болады. Түсірілім алдында хореографт­ың басшылығым­ен жасалған әр көріністің репетициял­ары бірнеше айға созылып, FCB Almaty көркемдік жетекшісі сағаттар бойы солардың бейнежазба­ларын қарады.

Бүгінде сіздер агенттік жұмысының нәтижесін «Эйр Астананың» барлық борттарына­н көре аласыздар. Енді сіздердің барлық саяхаттары­ңыз театрдан басталатын болады. Көлеңкелер театрынан.

 ??  ??

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan