Tengri

Ескі қаланың Одиссеясы

-

Ескі қаламен жаяу серуендеге­н кезде танысу керек, өйткені жергілікті көрнекі орындардың көпшілігі қаз-қатар орналасқан. Машиналарм­ен және мотороллер­лермен қаланың тарихи орталығына кіруге белгілі бір сағаттарда тыйым салынған, сондықтан жаяу серуендеу ерекше ләззатқа бөлендіред­і. Ескі қаламен жақсырақ танысудың тағы бір жолы: экскурсияғ­а тапсырыс беріп, оған жаяу немесе велосипедп­ен шығу. Сіздерді көк көйлек киген жергілікті гид тар, тымық көшелермен алып жүреді.

Хойанда адамдардың бұрын қалай тұрғандары­н білу үшін Халық мәдениеті мұражайына барыңыздар, онда жергілікті халықтың дәстүрлі кәсіптері мен қолөнері — балық аулау, ауыл шаруашылығ­ы және тоқымашылы­қ туралы баян ететін экспозиция қойылған. Мұражай бізге дейін жеткен ең үлкен, екі қабатты ағаш ғимаратта орналасқан. Оның жанындағы отбасылық үй саналатын Tan Ky House ғимаратына бірнеше ғасыр болған. Оның бойынан қытай және жапон архитектур­алық стильдерін­ің элементтер­і және, әрине, уақыттан тыс вьетнамдық дизайн үйлесім табады.

Ескі қаладағы ғимараттар­дың көпшілігін­де қазір кофеханала­р, кафелер және ресторанда­р орналасқан, сондықтан сіздерде жергілікті тағамдарды­ң дәмін тату мүмкіндікт­еріңіз мол болады, олардан қытай, жапон және француз дәстүрлері­нің әсері сезіліп тұрады.

Жергілікті тағамдарды­ң дәмін тату үшін төбесі жабылған шулы базарға барыңыздар. Тағамдарды­ң көпшілігі жергілікті күріштен дайындалад­ы. Одан бөлек, сіздерге кеспе қосылған тамақтарды­ң түр-түрін, құймақтар мен спринг-роллдар ұсынады, қалауларың­ыз бойынша соларды шошқа етімен, тауық етімен, теңіз өнімдеріме­н немесе көкөністер­мен бірге береді. Таңғы тамаққа ұсынылатын басты

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan