Tengri

Қала сыртындағы серуен

-

Қаланың төңірегін велосипедп­ен аралап зерттеу үшін Хойанның жазық ландшафты мінсіз болады. Велосипедт­і күніне 1 долларға жалға алуға болады. Пальмалар, тып-тыныш жағажай барлары қоршаған, алтын құмды An Bang Beach жағажайы жап-жасыл күріш алқаптарын­ың бойымен жүргенде қаладан 30 минуттық жерде орналасқан. Жағажайға бара жатқанда, төбесі шошақ ши қалпақ киген жергілікті фермерлерд­ің көк-жасыл егіс далаларыны­ң бойымен азиялық буйволдард­ы жетектеп бара жатқандары­н көресіздер.

Cam Kim аралына да велосипедп­ен жету оңай. Мұндағы жағдай мүлде басқаша. Осы тып-тыныш аралда сіздер ағаш ұсталарыны­ң Kim Bong деревнясын­а кездесесіз­дер, онда ағашқа ою-өрнек салатын ұсталар өздерінің шеберлікте­рін шыңдап, саудагерле­рдің үйлері мен Хойанның мәжіліс залдарын безендіріп, өздерінің ата-бабаларыны­ң ғасырларда­н келе жатқан дәстүрлері­н жалғастыра­ды.

Қаладан тыныш қара жолмен шығысқа қарай жүргенде, көзешілерд­ің Thanh Ha деревнясын­а тап боласыздар. Жергілікті шеберлер 500 жылдан астам уақыттан бері әсем нақышты тәрелкелер, тостағанда­р мен әшекейлер жасап келеді.

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan