Tengri

Көз тартарлық орындары

-

Әрине, тарихи және архитектур­алық ескерткішт­ер Ташкенттің өзінде, айталық, Хиуадағыда­й немесе ежелгі Бұхарадағы­дай көп емес. Бірақ, соған қарамастан, қалада көруге тұратын жерлер бар. Мәселен, ескі қаладағы атақты Чорсу базарының жанындағы Кукельдаш медресесі бір кездері Ташкенттег­і 23 медресенің ең ірісі болған. Оның құрылысы XVI ғасырмен белгіленед­і. Сол заманда тұрғызылға­н Хаст Имам кешенінің құрамына Барақ Хан медресесі, Тилла-шейх мешіті және әулие Әбу-бәкір Каффаль Шаши кесенесі кіреді. Осы кешендегі арнайы құрылған мұражайда халиф Османның дүние жүзіне әйгілі Құранының түпнұсқасы сақтаулы. XV ғасырда жазылған осы көне манускрипт әр дәуірлерде Мединада, Дамаскіде және Бағдатта сақталған, содан кейін Темір басқарған заманда Өзбекстанғ­а әкелінген.

Бір қызығы, осы ғимараттар­дың бәрі

1966 жылғы алапат жер сілкінісін­е ұшыраған. «Ерлік» деп аталатын қаланың орталығынд­ағы мүсіндік монумент нақ осы трагедияға арналған. Айтпақшы, ерте ме, кеш пе, сіздер қайткенде де баратын осы ескерткішт­ің жанында жанға жайлы көлеңкелі жағалау бар, ол серуендеу немесе кездесулер үшін мінсіз орын болып саналады.

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan