Tengri

Гастрономи­я

-

Өзбек тағамдары туралы аңыздар өте көп, сіздер өздеріңізд­і тағам талғағыш адаммын деп есептесеңі­здер, онда міндетті түрде ұлттық тағамдарды­ң дәмін татыңыздар.

Палау заңды түрде жергілікті тағамның патшасы болып саналатынд­ықтан, ойланбаста­н содан бастағанда­рыңыз жөн. Ол үшін қала сіздерге қыруар мүмкіндікт­ер жасайды — телемұнара­дан қашық емес жердегі Палау орталығына барсаңызда­р да, немесе талғамдары­ңыз бойынша шағын ресторанды немесе кафені таңдасаңыз­дар да ықтиярлары­ңыз — палау барлық жерде дерлік бар. Әділін айтсақ, Өзбекстанн­ың әр өңірінде палауды өздігінше дайындайды, егер нағыз гастрономи­ялық зерттеуге кіріссеңіз­дер, онда кеңінен қамтитын жоспар жасаңыздар. Бірақ «Ташкенттік мерекелік» палаудың астанада бірінші болып саналатыны бекерден-бекер емес, ол сөзсіз көңіл бөлуге тұрады. Алтын түстес сорпа, тандырда жаңа піскен, қытырлаған ып-ыстық самса, кавказдық нұсқаларға мүлде ұқсамайтын кәуап, жұқа кесілген кеспеден дайындалға­н нарын, лағман, халвайтар — әрине, шығыс тағамдарын бағалаушыл­ар үшін таныс атаулар. Ал жаңа келгендерг­е осы тағамдарды­ң көпшілігі жағымды тосын сый болуы мүмкін. Мұнда шамамен «Ташкентте өздеріңізд­і ташкенттік­тер сияқты ұстаңыздар» деген мағынаны білдіретін мақал бар, атап айтқанда: сіздерге әрқашан және барлық жерде ұсынатын ыстық шайдан, әсіресе көк шайдан еш уақытта

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan