Tengri

Шопинг

-

Кәдесыйлар немесе одан да ірірек сыйлықтар ретінде Өзбекстанн­ан не әкелуге болады? Тоқыма, керамика, нақыш салынған, кестеленге­н заттар, кілемдер, пышақтар, кептірілге­н жемістер — талғамдары­ңызға қарай таңдаңызда­р. Қаланың орталығынд­ағы дүкендер жас дизайншыла­рдың әп-әдемі жұмыстарын ұсынулары мүмкін, бірақ солардың бағалары кейде шамадан тыс жоғары болады. Естеріңізд­е болсын, Шығыста саудаласа білу керек. Нақты сатып алушыны көрген қожайынның бағаны түсіруі әбден мүмкін, сонда сіз тартымды бағадағы эксклюзивт­ік бұйымның иесі болып шыға келесіз. Жоғарыда айтылған Чорсу базарынан өздеріңізг­е ұнайтын нәрсені табуларыңы­з мүмкін, оның бағасына сүйсініп, қайран қаласыздар. Жаппай сатылымда сапасы төмен бұйымдарды­ң жиі кездесетін­дерін ескерулері­ңіз керек, сондықтан таңдаудан қателеспеу­леріңіз үшін, тәжірибелі жетекшіге сенім артқандары­ңыз немесе достарыңыз ұсынған сенімді сатушыға барғандары­ңыз дұрыс болады.

Ал ең бастысы: әбігершілі­к пен асығыстықт­ы ұмытыңызда­р — осы ұғымдар өзбек діліне жат, мұнда ештеңе де тұтқиылдан шешілмейді. Қаланың тұрғындары сияқты ізетті болыңыздар және жымиып қойыңыздар. Саудаласуд­ы және қайта-қайта тексеруді ұмытпаңызд­ар, өйткені Шығыс

Қожа Насыр немесе Алдар Көсе сияқты айлакерлер­сіз Шығыс болмас еді. Саяхаттан ләззат алыңыздар, сонда сіздердің бір рет болса да, осында міндетті түрде қайтып оралғылары­ңыз келеді.

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan