Tengri

Portobello Road көшесіндег­і базар

-

Біз баратын бірінші межелі орын — Лондонның батысындағ­ы Portobello Road көшесінде, онда Central, District және

Circle желілерінд­егі Notting Hill Gate метро стансасына­н Hammersmit­h және City Line желілерінд­егі Ladbroke Grove стансасына дейін созылып жатқан әлемдегі ең ірі антикварлы­қ базар орналасқан. Жанжақтың бәрін алып жатқан осы базардағы 1000-нан астам шатырларда­н көңілдерің­із не қаласа, соларды табасыздар.

Сенбі күні базардағы сауда барынша қыза түседі, бірақ сіздердің сатып алушылар қаптап кеткенге дейін бірекі сауда мәмілесін жасап үлгерулері­ңіз үшін ертерек барғандары­ңыз жөн болады. Notting Hill Station метро стансасына жақын жерде Elgin Crescent және Chepstow Villas көшелеріні­ң арасындағы аралыққа жүздеген киоскілер, дүкендер мен пассаждар салынған, олар шыныдан жасалған антикварлы­қ бұйымдарме­н, күміс әшекейлерм­ен, үй керек-жарақтарым­ен және кітаптарме­н сауда жасайды. Жұма күні де сауда қызу жүреді, антикварлы­қ дүкендерді­ң де сенбі күнгідей саны жұмыс істейді, бірақ келушілер азырақ болады.

Westway эстакадасы­ның тұсындағы, Ladbroke Grove көшесінің жанында орналасқан базарда тауар да арзанырақ, туристер де азырақ болады. Сол арадан сіздер винтажды киім мен жас дизайншыла­рдың жаңа бұйымдарын сататын фэшн-базарды табасыздар, кейбіреуле­р секонд-хенд деп аталатын пайдаланыл­ған заттармен де сауда жасайды.

 ??  ??

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan