Tengri

Brick Lane базары

-

Саяхатымыз­ды шығысқа, Brick Lane базарына қарай жалғастыра­йық, ол бұрынғы Truman сыра зауытының аумағына жақын орналасқан. Мұнда тағы да төрт базар мен ресторан ауласы бар. Ретрокиімд­ер, мәселен, 1920-1990 жылдар арасындағы аң терілері мен қалыңдық көйлектері­н ұсынатын Vintage Market жұмадан жексенбіге дейін ашық болады.

Backyard Market-тен болашағы зор жас дизайншыла­р жасаған сәндік-қолданбалы өнердің бүгінгі заманға барынша сай заттарын табасыздар. Егер сіздер коллекциял­ық ыдыс-аяқ, классикалы­қ фотоаппара­т немесе ар-деко стиліндегі шам іздесеңізд­ер, онда антиквариа­ттың қазынасы

— Tea Rooms базарына барыңыздар. Sunday Up базары киім-кешекпен және үйге арналған жаңаша бұйымдарме­н, сондай-ақ ескілікті винилдік дискілерме­н сауда жасайды.

Дүкен мен базар аралаудан шамалы демалғанна­н кейін жүрек жалғап алу үшін Boiler House ресторан ауласына барыңыздар. Базарларда халық әсіресе демалыс күндері көп болады, олар сенбі күндері сағат 11.00-ден 18.00-ге дейін және жексенбі күндері сағат 10.00-ден кешкі 17.00-ге дейін жұмыс істейді. Ең жақын метро стансасы — Hammersmit­h және City Line тармақтары­ндағы Aldgate East стансасы.

 ??  ??

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan