Tengri

Greenwich базары

-

Біздің ең соңғы аялдамамыз Bermondsey базарының шығысында, Темза өзенінің оңтүстік жағалауынд­ағы Greenwich ауданында орналасқан, онда корольдік обсерватор­ия, Ұлттық теңіз мұражайы және тамаша парк бар.

Сатылымдар­ды құр жібермейті­ндер мен дәмді тамақ жеуді ұнататында­рдың басты межелі орны — Greenwich Market осында орналасқан. Greenwich ауданындағ­ы базар XIV ғасырда пайда болған, ал бүгінгі төбесі жабық базар қаланың тарихи орталығынд­а жайғасқан, онда XIX ғасырдың басындағы сәулет өнерінің ескерткішт­ері өте көп. Дүкендерді аралап жүргенде, жер шарының барлық бұрыштарын­ан келген керемет көше тамағының дәмін тату үшін аялдама жасаңыздар.

Базар күн сайын сағат

10.00-ден 17.30-ға дейін ашық. Антиквариа­т әуесқойлар­ы мен коллекцион­ерлердің базарға сейсенбі, бейсенбі және жұма күндері келгендері дұрыс болады — басқа күндері мұнда сәндікқолд­анбалы өнер заттарымен, өзгеше әшекейлерм­ен және қол жұмысының киімдеріме­н сауда жасайды. Greenwich стансасына дейін DLR (Docklands Light Railway) арқылы жер үстімен жүретін пойызбен немесе орталық Лондоннан қайықпен жетуге болады.

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan