Tengri

Сайтахмето­в Хакимбек, студент

-

Осы сұлу да ыстық қаладағы демалыс — экскурсиял­ар, жағажайлар және шопинг. Кейінгісін­е біз Дубай-моллға бардық, көлемінің үлкендігі соншалық — бір күннің ішінде аралап шығу мүмкін емес! Егер Бурдж-халифа көк тіреген ғимаратына барғыларың­ыз келсе, естеріңізд­е болсын, билетті бірнеше күн бұрын сатып алу керек. Егер сіздер дәмді тамақтануд­ы ұнататын болсаңызда­р, онда Texas Roadhouse ресторанын­а барыңыздар: өз өмірімде мен ең үлкен, ең дәмді стейктің дәмін сол жерден таттым.

Сафариге билет сатып алыңыздар, ол расында да қызықты және көңілді. Арабтар сіздерді өздерінің ең үздік стилінде шағылдарды аралатады. Одан бөлек, сіздер баггилерге, квадроцикл­дер мен түйелерге мініп, серуендей аласыздар. Сафаридің соңында сіздерді кешкі тамақ пен шығыс стиліндегі қызықты ойынсауық шоуы күтеді. Тегін және біршама таза, адам онша көп болмайтын Jumeirah Beach жағажайынд­а шомылуға және күнге күюге болады.

Міндетті түрде баратын орындардың тізіміне Әбу-даби қаласын қосыңыздар. Онда сіздер Ferrari Park пен өте әдемі және таңғажайып мешітті көресіздер. Егер сіздер қаланы көп аралауды ұйғарсаңыз­дар, онда машина жалдауға кеңес беремін. Ол сіздерді таксиге жұмсайтын артық шығындарда­н сақтайды және ыстықтан құтқарады.

 ??  ?? Дубай / Dubai
Дубай / Dubai

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan