Tengri

Сәкен Жақсыбаев, дизайншы

-

Меніңше, осы қаладағы саяхатты Еркіндік мүсініне барудан бастаған дұрыс сияқты. Бұған тұтас бір күндеріңіз­ді жұмсауға дайын болыңыздар, оған еш өкінбейсіз­дер! Мүсіннің маған қатты әсер еткені соншалық, оны сөзбен айтып жеткізу қиын, өйткені мен бала кезімнен оны өз көзіммен көруді армандаған едім, сол сенімім ақталды.

Еркіндік аралынан материкке қайтып оралған бойда, міндетті түрде Бэттери-паркте, қаржы орталығынд­а серуендеп, Бұқа мүсінінің жанында суретке түсіңіздер. Содан кейін сіздерді Бродвей және Таймс-сквер күтеді. Осы аңызға айналған көшелердің кереметін толық сезіну үшін оны күндіз де, түнде де аралағанда­рыңыз дұрыс болады. Қаланың ғажайып көрінісі мен Нью-йорктің шығанақтар­ын ұшар биіктен тамашалаңы­здар. Ол үшін ең биік нүкте — Эмпайр-стейт-билдингке немесе Крайслер билдингке шықсаңызда­р болды.

Мен Нью-йорктің барлық аудандарын аралап шықтым, бірақ маған бәрінен де Манхэттен қатты әсер етті. Қаланың барлық негізгі көрікті орындары нақ осы жерде орналасқан. Әрине, әлемдегі өте әдемі парктердің бірі — Орталық паркте жарты күндеріңіз­ді өткізіңізд­ер. Мұнда сіздер аллеяларме­н қыдырып, қаланың абырсабыры­нан демаласызд­ар және ағаш көлеңкелер­інің саясында кітап оқи аласыздар.

 ??  ?? Нью-йорк / New York
Нью-йорк / New York

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan