Tengri

Анастасия Цой, мектеп оқушысы

-

Мен саяхатқа құмар адамдардың отбасында өмірге келдім. Сондықтан тілім шықпастан бұрын саяхаттай бастадым. Осы жылы мен отбасыммен бірге Лондонға бардым және оны бірден ұнатып қалдым. Лондон — балалар үшін нағыз жұмақтың өзі. Әйтпесе, ойыншықтар­дың алты қабатты дүкенін басқа қай жерден табуға болады? Hamleys-те ғажайып тауарлар соншама көп! Дүкеннің әр қабатында дерлік бізді сиқыршылар қарсы алды. Мен жақсы көретін балмұздақ та бар екен. Анаммен бірге Лондондағы хайуанатта­р паркіне барып, бір күнімізді сонда өткіздік. Ол өте үлкен екен. Хайуанатта­р паркінен «Гарри Поттер және философиял­ық тас» фильміндег­і питонмен болған оқиға түсірілген орынды көрдім. Сапардың алдында ғана мен сол фильмді көріп, кітабын аяғына дейін оқып шыққан едім. Ал King’s Cross стансасынд­ағы «Гарри Поттер» дүкенінен маған өзім көптен армандап жүрген сиқырлы таяқшаны сатып алып берді. Сондай-ақ Лондонда парктер мен шомылуға болатын субұрқақта­р өте көп. Бұл мен үшін сондай керемет жаз болды.

 ??  ?? Лондон / London
Лондон / London

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan