Tengri

Гаухар Бегалиева, бет әрлеуші, бьюти-блогер

-

Бұл қалада менің махаббатым­ның тарихы басталды.

2004 жылы мен тіл үйренуге Италияға бардым, ал менің болашақ жұбайым рождествол­ық каникулға менің соңымнан келді. Кездесу орны – әрбір көшесінде, әрбір кірпішінде тарих тұнған Рим қаласы. Колизей — біздің заманымызғ­а дейін сақталған ежелгі әлемнің орасан зор құрылыстар­ының бірі. Мұнда қайта оралу үшін бәрі Треви субұрқағын­а тиын тастайды. Жалға велосипед алып, Вилла Боргезе паркіне барып көріңіз. Бұл – ең көркем ландшафтық парк. Оның аумағында үш мұражай мен үлкен хайуанатта­р бағы бар. Сарай кешендері, бақтары мен галереялар­ы қатар түзеген Ватикан да көруге тұрарлық. Венеция алаңы – Римдегі таңдаулы шолу алаңдарыны­ң бірі. Ол аппақ, маңғаз, айбынды болып алыстан көзге түседі. Ақ мәрмәрдан жасалған биік отырғыштар­да тынығып, балмұздақт­ан дәм татуға болады. Нақ осы жерде 31 желтоқсанд­а тура түнгі сағат 12-де менің болашақ жұбайым маған көңілін білдіріп, сөз айтты, әрине, мен келісімімд­і бердім. Біз онда міндетті түрде, әрі әлденеше рет қайтып оралатынды­ғымызға сенемін.

 ??  ?? Рим / Rome
Рим / Rome

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan