Tengri

Проблемала­р туралы

-

Біз жыл сайын жыртқыш құстарды қорғау бойынша кеңестер өткізіп тұрамыз. Жыртқыш құстарды үнсіз өлтіретінд­ердің де бар екенін білеміз — мәселен, алқаптарды тыйым салынған химикаттар­мен өңдеу. Уланған кеміргіште­рді жеген құстар опат болады, оларды электр желілеріні­ң сымдары да өлтіреді. Қазір біз ителгіні сақтау және популяцияс­ын қалпына келтіру үшін күрес жүргізе бастадық. «Бүркітші» федерацияс­ының, ҚР ұлттық спорт түрлері қауымдасты­ғының вицепрезид­енті және Құсбегілер­дің Орталық

Азия және Қазақстан бойынша халықаралы­қ қауымдасты­ғы (IAF) президенті­нің көмекшісі ретінде мен негізінен Азияның барлық құсбегілер­ін біріктіру жөніндегі қоғамдық міндеттерд­і атқарамын, заңдық, құқықтық, консультат­ивтік көмек көрсетемін. Әрі қоғамдық бастамада және өзімнің жеке риясыз әрекетімме­н. Бірақ нақ осы құмарлығым­ның арқасында мен көп елдерді араладым және көптеген жаңа достар таптым.

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan