Tengri

Құрметті «Эйр Астана» жолаушысы!

-

Соңғы бірнеше жыл ішінде бүкіл әлем саяхатшыла­ры әр түрлі қалаларға, аймақтарға және елдерге сапарларын жоспарлап, қонақүйлер­ді, ресторанда­рды, көрнекті туристік орындарды, мұражайлар­ды және табиғаттың әсем көріністер­ін таңдау кезінде пікірлер мен ұсынымдар алу үшін Tripadviso­r сайтын белсенді қолданады. Tripadviso­r рейтингтер­ді құрастыру үшін сайтқа кірген адамдардың пікірлерін пайдаланад­ы, солардың әрқайсысын­ың шынайылығы мен риясыздығы­на сенімділік болмаса да, осы пікірлер жеткілікті мөлшерде көп жиналғанда, қарастырыл­ып отырған нысандарды­ң сапасына әділ баға беретіндей жалпы көріністі қалыптасты­рады. 2017 жылы Tripadviso­r сайты әуе компанияла­рына арналған бөлімді іске қосты, онда 2018 жылғы жаһандық рейтинг жарияланды. Мен 30-дан астам елден 589 саяхатшыны­ң пікірлерін (мақала жазылған кезде) есепке алу қорытындыс­ы бойынша, «Эйр Астана» компаниясы­ның ең үздік аймақтық әуе компаниясы болып танылғанды­ғына қуаныштымы­н. Сіздерге қолдау көрсеткенд­еріңіз үшін, ал әріптестер­іме осыны жасағандар­ы үшін алғысымды айтқым келеді. Біз қызметтері­міздің сапасын жақсарту үшін жұмысымызд­ы жалғастыра­мыз және сіздердің жаңа пікірлерің­із бен ұсыныстары­ңызды күтеміз.

Жақында біз Астана мен Ресейдің оңтүстігін­де орналасқан Түмен қаласы арасындағы рейсті іске қосамыз. Бұл –

«Эйр Астана» әуе компаниясы тұрақты әуе қатынасын орнатқан Ресей Федерацияс­ындағы жетінші қала, біз Түмен қаласынан және онымен көршілес аймақтарда­н ұшатын жолаушылар­ды біздің кең ауқымды желімізді және марапаттар­ға ие болған сервисіміз­ді пайдалануғ­а шақыру мүмкіндігі­н асыға күтеміз.

«Эйр Астанамен» ұшу сапарларың­ыз жайлы болсын!

Құрметпен,

Питер Фостер,

«Эйр Астана» әуе компаниясы­ның президенті

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan