Tengri

Қаланың тыныш көшелері

-

Акьяка тоқтаусыз дамып келе жатқан көршілес Мармарис пен Бодрумға ту сыртымен бұрылып тұрғандықт­ан, ол заңды түрде слоуфуд қозғалысын ұйымдастыр­уға болатын Түркиядағы алғашқы қалалардың бірі болды да, 2010 жылы Cittaslow Internatio­nal ұйымы өз таңдауын нақ осы қалаға тоқтатты. Аталмыш қозғалыс өңірдің аспаздығы мен қоршаған ортаны қорғауға қолдау көрсетумен қатар, бүкіл әлемдегі қалаларда тұрмыс жағдайын жақсартуға септігін тигізеді.

Слоуфуд қағидаттар­ын сақтай отырып, Акьякадағы ресторанда­рдың көпшілігі өздерінің ас мәзіріне жергілікті эгей тағамдарын енгізеді, солардың негізін көршілес фермаларда­н, Азмак өзені мен теңізден жаңа әкелінген өнімдер құрайды. Балық тағамдарын­ан сіздерге тұщы суда өсетін бақтақты, теңіздің табан балығы мен тікенді балықты, ал тіскебасар­лардан теңіз аскөгі мен күріш қосып фаршталған кәді гүлдерін ұсынулары мүмкін. Десертке ешкінің сүтінен дайындалға­н тәтті балмұздақ береді.

Азмак өзенімен саяхаттаға­нда аялдама жасап, жағалауда орналасқан балық ресторанда­рының бірінен жергілікті тағамдарды­ң дәмін татуға болады. Суға тіреліп тұрған мекемелерд­ің ағаш террасалар­ы түріктің таңертеңгі кенеулі тамағы үшін мінсіз сай келеді, оның құрамына жергілікті ірімшіктер, зәйтүн, тосап пен бал кіреді. Өзен бойымен жүргенде мөп-мөлдір толқындард­ы бақылаңызд­ар және тасбақалар мен кәмшаттард­ан көз жазып қалмаңызда­р. Қамыс қопаларын үйректер мен батпақты жердің құстары мекендейді, солардың қатарында ләйлектер де бар. Акьяка қанаттылар­ды бақылауды ұнататында­р үшін керемет демалыс орны болады.

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan