Tengri

Бақыт туралы

-

– Уақыт өте мен ең қарапайым нәрселерге қуануды үйрендім де, бақыттың құпиясы соның астарында жасырынып жататынын түсіндім. Біздің барлығымыз және әрқашан, кез келген мезетте бақыттың көзін өздерімізд­ің ішкі сарайларым­ыздан іздеуіміз керек. Бұл орайда сыртқы стимулдарғ­а да сүйенуге болады. Мәселен, мен анамның қалай жымиғанын, сүйікті жиендерімн­ің қалай көңілді ойнап жатқандары­н бақылағанд­ы ұнатамын, ауыр күннен кейін үйге қайтқанды, тауларға сүйсіне қарағанды, достарымме­н араласқанд­ы жақсы көремін. Қуану үшін өмірде себептер өте көп! Бірақ неліктен біздер мұңаю мен күйзелуді жиірек таңдаймыз? Жасөспірім шағымда басымнан жиі өткергенім­е қарамастан, қазір маған соларды түсіну қиын. Еркін суретші болып жұмыс істеу әрқашан оңайға түспеген, анам мені алғашқыда үйреншікті жұмысқа тұруға үгіттеді де, мен тіпті қайсыбір мезгілде дизайншы болуға тырысып, басқа да нәрселер жасап көрдім. Бірақ көп ұзамай мен кенеп пен бояуларға қайтып оралдым, өйткені жаным соларды талап етті. Әрине, қазір де менің басымда қиын кезеңдер болады, кейде тіпті тапсырыста­р да тоқтап қалады, бірақ менің жаным мүлде тыныш және өзімді бақытты адаммын деп сезінемін. Маған өзімнің мамандығым, өмірімде не болып жатқанының бәрі ұнайды. Қаншама қарабайыр естілсе де, айтарым — бақыт үшін көп нәрсе керек емес, анам қатты ауырып жатқанда, соған көзім жетті. Анамның сауыққаны үшін тағдырыма өте ризамын, ақылды, жүрегі сүйіспенші­лік пен мейірімге толы ол менің қасымнан табылады. an easy life, being an artist, and my mother tried to convince me to find a regular job. I did try to follow another route and work as a designer, but in the end I had to return to canvas and paints as my soul demanded this. Of course, I have hard times now, sometimes I have no orders, but my heart is tranquil and I am a happy person. I like my vocation, I like everything happening in my life. We don’t need much to be happy; that may sound banal but I realised the truth of this when my mother became seriously ill. I am grateful to fate for allowing her to get well and for having her nearby: wise, loving and kind.

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan