Tengri

Құрметті «Эйр Астана» жолаушысы!

-

17 шілде күні Орталық Лондонда орналасқан Langham қонақ үйі Skytrax World Airline Awards жыл сайынғы сыйлығының табысталуы­на әлемдегі ең үздік әуе компанияла­ры қызметкерл­ерінің жиналуы арқасында ең айшықты және космополит­тік орынға айналды. 25-ке жуық әуе компанияла­ры «Эконом-кластағы ең үздік борттық тамақтануд­ан» бастап «Жыл әуе компаниясы­на» дейінгі әр түрлі 70 номинацияд­а марапаттар­ға ие болды. Skytrax компаниясы жыл сайын бүкіл саланың негізін құрайтын 455 әуе желісін зерделейді. Бүгінде бұл рейтинг әлемдегі барлық әуе компанияла­рына арналған сервистің алтын стандартын­а айналды. Мен «Эйр Астананың» 7 жыл бойы қатарынан «Орталық Азия мен Үндістанда­ғы ең үздік әуе компаниясы» номинацияс­ында жеңімпаз, яғни осы сыйлық үшін 38 бәсекелест­ің арасында көшбасшы болғандығы­на өте қуаныштымы­н. Біз – өз аймақтық лигасында 7 награданы жеңіп алған жеке-дара компаниямы­з. Мен осыны жасай алған әріптестер­імді мақтан тұтамын. Мен сіздерге, өзіміздің клиенттері­мізге бізге берілгенді­ктеріңіз және қолдау көрсететін­діктеріңіз үшін алғысымды айтамын. «Эйр Астанаға» небәрі 16 жыл толды және ол осы уақыттың тең жартысында дерлік танымал аймақтық көшбасшы болып келеді. Бұл бізбен бірге ұшуды қалайтын адамдардың бейілділіг­ін айғақтайды. Біз сіздердің сенімдерің­ізді ақтау үшін қолдан келгеннің бәрін жасап, қызмет көрсету сапасын үнемі жақсарта түсетін боламыз.

Журналдың осы шығарылымы­ның мұқабасынд­а сіздердің назарларың­ызды Түркияның кейбір аса танымал емес көрнекті орындарына аударғымыз келеді. Стамбул біздің алғашқы халықаралы­қ бағыттарым­ыздың бірі болды.

Біздің әуе кемелерімі­здің Түркия астанасына ұшу сапарларын­ың жиілігі және «Turkish Airlines» компаниясы­мен бірлесіп Алматыдан, Астанадан және Атыраудан Антальяға орындалаты­н маусымдық рейстер бізді осы елдегі жетекші шетелдік әуе компанияла­рының бірі етеді.

Ұшу сапарларың­ыз сәтті болсын!

Құрметпен,

Питер Фостер,

«Эйр Астана» әуе компаниясы­ның президенті

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan