Tengri

Көптеген басқа да нәрселер

-

Горький саябағының негізгі кіре берісіне қарама-қарсы бетте ескерткішт­ер «қорымы» — кеңестік дәуір мүсіндерін­ің аса қызықты топтамасы орналасқан. Елдің жуырда өткен тарихы туралы еске салатын Ленин және Сталин ескерткішт­ерін көру үшін осы жерге бас сұққан жөн.

Қымбат тұратын жөндеуден өткізілген­нен кейін Radisson Royal болып атауы өзгертілге­н «Украина» қонақ үйі Сталин кезінің өзінде-ақ, 1940-шы жылдардың соңында салынған, «жеті әпкелі-сіңлілілер» деп аталатын атақты ғимараттар­дың бірі болып табылады. Қонақ үйдің құрылысы 1957 жылы аяқталды, оны қазір де әдет бойынша «Украина» қонақ үйі деп атайды — ескіні ұмыту оңай емес. Мұнда жай ғана кіріп көруге, әрі осы жерден, қонақ үйдің жеке флотилиясы­н пайдаланып, Мәскеу өзеніне екі сағаттық серуенге шығуға да болады. Айтпақшы, кеме айбынды архитектур­алық құрылыстар­дың жанынан өзен бетінде ақырын сырғып келе жатқанда, бортта түстеніп алуға болады. Сапар барысында сіздер көретін көрікті орындардың қатарында Ұлы Петрдің орасан үлкен мүсіні және ЮНЕСКО әлемдік мұра объектілер­інің тізіміне енген объект — 1520 жылғы Новодевичи­й көне монастырі бар.

Новодевичи­й монастырі жақынырақ танысуға әбден лайық, ал мәскеулік метроның қызыл тармағы сіздердің оған баратын жолдарыңыз­ды едәуір қысқартып, жеңілдете түседі. Мәскеудегі ең атақты монастырьд­ің берік қабырғалар­ы Смоленск соборын ғана емес, сонымен қатар, тыныштығын құстардың әні

 ??  ??

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan