Каппадокия
Бұдан әрі мен сіздерді ел ішіне тереңірек еніп, оның қақ ортасына, тарихы өте бай, тамаша көріністер өлкесі — Каппадокияға аттануға шақырамын.
Сіздердің көбіңіз жанартаулы әсем жартастардың үстінде ұшып жүрген көптеген түрлі-түсті әуе шарларының фотосуреттерін көрген боларсыздар. Енді мұны өз көздеріңізбен көру үшін жолға шығатын уақыт келді.
Осы жердегі қоныстар туралы алғаш рет біздің дәуірімізге дейінгі VI ғасырда-ақ айтыла бастаған болатын. Көптеген ғасырлар бұрынғыдай, мұнда тұтас жер асты қалалары өсіп-өркендеуде және көбінесе олар көп қабатты болып келеді. Ежелгі ғибадатханалар, монастырьлар, шағын деревнялар және тіпті қонақ үйлер — осының бәрі жер астында орналасқан және ұзақ уақыт ішінде мұндағы өмір тамаша жолға қойылған. Жазғы уақытта Каппадокияның жазық даласында аптап ыстық тұрады, сондықтан жер асты жолдарында жасырыну идеясы көп ұзамай сіздерге тамаша идея болып көрінеді. Тұру бағасы екі адамның түнеуі үшін 5 еуродан басталады, ал 15-20 еуро үшін айтарлықтай жоғары деңгейдегі жайлылыққа қол жеткізуге болады. Осылайша, сіздер біршама қолжетімді бағаға ескілікті үңгірлердің ішіндегі экзотикалық қонақ үйден тамаша бөлме таңдап алып, өздеріңізді ертегідегі кейіпкердей сезіне аласыздар.
Каппадокия туралы айтқанда, күн батуға таяған шақта жүздеген түрлі-түсті ұшатын конструкциялар аспанға көтерілетін әуе шарларының фестивалі туралы еске алмауға болмайды, бұл — теңдесі жоқ көрініс. Ол әдетте сәуір-мамыр айларында өтеді, уақыты жылдан-жылға өзгеріп отыруы мүмкін. Әрине, бұл — бәрінің бағасы өсіп, халық саны көбейе түсетін ең қызу маусым. Мұндай әуе шарымен серуендеудің өзі арзанға түспейді, ұшудың бір сағаты — 120-150 еуро. Және сіздер мұны ешқашан ұмытпайсыздар.
Каппадокияға Стамбулдан ұшақпен немесе автобуспен жетуге болады.