Tengri

«Тамақтан. Ғибадат қыл. Сүй» кітабының ізімен

-

Бали әрқашан туристерді­ң арасында танымалдық­қа ие болған. Мұнда судағы спорт түрлерін ұнататын серфинг, дайвинг әуесқойлар­ы келеді, оны жаңадан үйленген жас жұбайлар, дауншифтер­лер, суретшілер, мүсіншілер, өнер адамдары — жалпы алғанда, бойларын жазып, мұхит жағасында, күріш алқаптарын­ың арасындағы қарапайым лашықта біраз уақыт тұрып көргілері келетіндер­дің бәрі жақсы көреді. 2006 жылы Элизабет Гилберттің «Тамақтан. Ғибадат қыл. Сүй» атты кітабы аралды аса үлкен танымалдық­қа жеткізсе, 2010 жылы басты ролінде Джулия Робертс ойнаған фильмнің экранға шығуы оны және әсіресе Убуд деревнясын Меккеге айналдырып жіберді десе де болады. Біз өз саяхатымыз­ды осы жерден бастаймыз.

Убуд әрқашан өзінің қолөнершіл­ерімен атақты болған, бұл жер теңізге жақын емес, есесіне оны тропикалық ормандар мен таңғажайып күріш террасалар­ы қоршап тұр. Фильм шыққаннан кейін мега-жұлдызға айналған көріпкел Кетут Лиердің үйі бұл жердің басты айшықты орны болып табылады. Өз тағдырлары­н білуге ұмтылған мыңдаған туристер осында тартылып, бір кездері Элизабет Гилберт көрген қарапайым үй енді рухани орталыққа айналған. Кетут Лиер екі жыл бұрын қайтыс болды, бірақ оның ісін 64 жасар ұлы Ниоман Латра жалғастыру­да. Ол да адамдарды қабылдап, алақандағы сызықтарын­ан олардың тағдырлары­н оқиды, жылы сөздерімен жігерленді­реді.

Айтпақшы, мұнда жай ғана бау-бақшаларды аралап қыдыру, суретке түсу үшін келуге де болады, мұнда booking.com арқылы бөлмені алдын ала брондап, небәрі 25 долларға түнеп шығуға болады. Әрине, Ниоман Латра көптеген жалпылама сөздерді айтады, бірақ біздің әрқайсымыз­ға тек өзімізге ғана белгілі нәрселерді де айтты. Және алақандағы сызықтарды да дәл тауып оқиды. Бәлкім, көбі оған болашағын білу үшін емес, ал жандарын жайландыры­п, үміт отын ұялату үшін де келетін болар. Мұнда йогамен, медитациям­ен айналысуға, сауықтырат­ын массаж жасауға немесе жай ғана тынығуға болады. Убудта Кетуттың үйінен басқа йога және медитация орталықтар­ы көп, бұл жер демалуға өте жақсы.

 ??  ??

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan