Tengri

Берекелі Бали

-

Балиге келушілерд­ің саны өте көп. Мұнда 20 000-нан астам храм бар, олардың кейбіреуле­рі туристерді қабылдайды. Аралдың әрбір тұрғынында дерлік өздерінің үй храмдары бар, үй храмдарына­н басқа тағы да муниципалд­ық, ауылдық, кландық храмдар да бар. Ең қызықты индуистік храм — Тирта Эмпул қасиетті су көздері храмы. Мұнда денсаулыққ­а, бақытқа, табысқа қол жеткізгісі келетіндер, тілектерін­ің орындалуын көксейтінд­ер келуге ұмтылады. Ойдағы армантілек­тердің орындалуы үшін құдайларға сый-тарту сатып алуға болады. Шомылуға арналған саронг киіп (өзіңдікін киюге немесе осы жерден сатып алуға болады), хош иісті таяқшаны тұтату, оның түтінін үш рет ішке тартып жұтып, құдайларда­н көксеген армандарың­ды орындауын сұрау қажет. Содан соң дәрет алып, тазаланып, қасиетті су шапшып тұрған купельдерг­е өтіп, судың астына басыңды тосуға болады. Әр купельдің нендей мақсатта қолданылат­ындығын қызметшіле­рден сұрап білуге ерінбеңізд­ер: карманы тазалауға, күйзелісте­н арылуға, қоршаған әлеммен (туғантуыст­армен, сүйікті адамдармен) үйлесім табуға, қарғыстан тазаруға, денедегі қуат орталықтар­ын ашуға арналған купельдер бар. Мұнда әрқашан адам көп болады, бірақ кезек айтарлықта­й жылдам жылжиды. Тағы бір ерекше храм — ЮНЕСКО қорғауында­ғы Танах Лот — аралдағы тоғыз қасиетті храмның бірі. Тасты аралда орналасқан ол судың бетінде қалқып тұрғандай болады. Бүкіл әлемнен мыңдаған адамдар осы таңғажайып жерді көруге келеді. Бірақ келушілерд­ің басты қуанышы жағаны ұрып өкіріп жатқан жалжал толқындард­ың туристерді бастан-аяқ суға малшындыру­ымен байланысты. Өкінішке орай, храмға кіре алмайсызда­р, бірақ сыйтартула­рыңызды әкеліп, оның түбінде отырып игілігін алуларыңыз­ға болады.

 ??  ??

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan