Мәди Сапақов, мектеп оқушысы
Менің сүйікті орным — Бали! Бұл — өте әдемі арал. Оған жақындағанда, ұшақ тікелей су бетіне қонатындай болып көрінеді. Мұнда барлық жерлерде пальмалар, күріш алқаптары мен деревнялар болады. Балиде бір мопедпен 4 адамнан жүруі мүмкін және олар үнемі дулыға киіп жүрмейді. Мұндағы адамдар өте мейірімді: ер адамдар құлақтарына гүл қыстырып жүреді. Біз қонақ үйге келгенде, біздің бәріміздің құлақтарымызға гүл қыстырады.
Маған хайуанаттар паркі ұнайды, біз оның аумағында джиппен жүріп, терезесінен жануарларға қарап отырамыз. Кейбіреулеріне тамақ та беруге болады. Мен сондай-ақ пілге мініп жүргенді жақсы көремін. Паркке барар жолда барлық белгілерде «Hati-hati» деп жазылған. Мен бұл «пілдер» дегенді білдіреді деп жүрсем, ол «абай болыңыз» деген сөз екен.
Менің сүйікті балилік тағамым «наси горенг» деп аталады, бұл — қуырылған күріш.
Балиде храмдар көп және әр үйдің жанында Будда мүсіні бар. Әйелдер жапырақтардан қорапшалар жасап, онда тағамдар, жемістер, печенье, күріш, гүл салады, содан соң бастарына қойып, осы тарту-таралғыларын мүсінге алып келеді. Бастарына қою себебі — олар басты ең қасиетті жер деп санайды. Бірақ бұл жерде маған бәрінен де ұнайтыны — суға шомылу! Өскен кезде мен онда серфингпен айналысатын боламын.