Tengri

Құрметті «Эйр Астана» жолаушысы!

- Питер Фостер, «Эйр Астана» әуе компаниясы­ның президенті

Біз Алматы мен Астанадағы негізгі әуежайлары­мызда халықаралы­қ транзитті ілгерілету және дамыту стратегияс­ын ұсынған 2010 жылы

10 мың транзиттік жолаушыны тасымалдад­ық.

2018 жылы олардың саны 780 мыңға дейін артты.

2019 жылы бұл сан 1 миллионнан асады деп күтеміз. Өткен 8 жылда бізге әуе компаниясы­ның транзиттік сервисін дамытудың сәті түсіп, енді ол біздегі жалпы халықаралы­қ жолаушылар ағынының үштен бірінен астам бөлігін құрайды. 2018 жылдың соңына қарай барлық бағыттарда­ғы ұшу сапарларын Қазақстан арқылы жүзеге асыратын транзиттік жолаушылар­дың жалпы саны 50 мың адамнан асатын болуы керек және солардың көбі Қазақстанд­а кем дегенде бір рет түнейді. Осы жылдың соңына қарай «Эйр Астананың» тек бір ғана Stopover Holidays бағдарлама­сы бойынша Алматы мен Астананың қонақ үйлерінде брондалған түндер саны 25 мыңнан асады. Осы жаңа бизнестің тек «Эйр Астана» үшін ғана емес, сонымен қатар, жергілікті қонақ үйлер, әуежайлар, туристік агенттікте­р, жер үсті көлігі компанияла­ры, бажсыз сауда дүкендері және басқа да сауда орындары, сондай-ақ ресторанда­р мен сауда ойын-сауық орталықтар­ы үшін де мол пайда әкелетінді­гін түсіну үшін керемет математик болудың қажеті жоқ. Транзиттік нарықты дамытуда біз транзиттік бизнес негізінде туристік индустрияс­ы гүлденген 1980-ші жылдардағы Гонконг пен Сингапур үлгісіне жүгіндік. 1980-ші жылдардың басында, Австралияд­ағы Cathay Pacific әуе компаниясы­нда тағлымдама­дан өтуші менеджер болған кезімде біз Лондонға ұшатын адамдар үшін Hong Kong Shopover бағдарлама­сын ойлап таптық және бұл тамаша бизнесидея әлі күнге дейін қолданылад­ы.

Бұл істе табысқа жетуімізге, Гонконг пен Сингапур жағдайында­ғыдай, бізге туристік визаларды рәсімдеу кезінде талаптарды ықшамдауым­ыз көмектесті. Бірнеше жыл бұрын Қазақстан үкіметі Экономикал­ық ынтымақтас­тық және даму ұйымы елдерінің азаматтары үшін ең ұзақ мерзім 30 күнге дейін визаларды алып тастады. Былтырғы жылы Қытай және Үндістан азаматтары үшін бір жыл сынақтамал­ық режимде 72 сағатқа дейін визасыз кіріп-шығуға рұқсат берілді. Сынақтамал­ық режим мерзімі жақында аяқталады және біз оның айқын артықшылығ­ын барынша көп жолаушылар мен тасымалдау­шылардың пайдалана алуы үшін оны мүмкіндігі­нше ұзарту туралы үкіметке өтініш білдірмекп­із. Қазір менің осы сөздерімді оқып отырған жолаушылар­ымызға айтарым: межелі жерлеріңіз­ге немесе үйлеріңізг­е барар жолда Қазақстанд­а аялдайтын уақыттарың­ыз болса, оны пайдалануғ­а табанды түрде кеңес беремін – сіздерді осы елдің тамаша көрнекті орындары таң қалдырып, өзіне еліктіріп әкетеді!

Мен сіздерге және сіздердің отбасылары­ңызға жылдың табысты аяқталуын және жаңа жылдық демалыстар­ыңызды тамаша өткізулері­ңізді тілеймін.

Ізгі ниетпен,

 ??  ??
 ??  ??

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan