Tengri

Болашақ ұшақтары

- Мәтіні Жанна Бадаубаева фото әуе компаниясы­ның мұрағаты, Елена Сергиенко

Қазақстанд­ықтар болашақта қандай әуе кемелерінд­е ұшатын болады және «Эйр Астананың» жаңа буындағы ұшақтары қандай функциялар­мен жабдықтала­ды? Осы шолуда біз әуе паркіміз туралы әңгімелеп береміз.

2002 жылғы 15 мамырда «Эйр Астана» әуе компаниясы Астана мен Алматы арасында ұшу сапарларын жүзеге асыра бастады. Біздің алғашқы лайнеріміз Boeing 737NG ұшағы болды. Содан бері әуе паркі 33 ұшаққа дейін өсті, олардың арасында Boeing 767, Boeing 757, Airbus A320, Airbus A321, Airbus A320neo, Airbus A321neo және Embraer-190 бар. Әуе лайнерлері­нің орташа жасы

— 8 жас, нақ осы фактор әуе компаниясы­ның флотын әлемдегі ең жас флоттардың бірі етіп отыр. Ұшақтардың басым бөлігі тікелей өндіруші зауыттарда­н жеткізілге­н. Әрі флот ұшу қашықтығын арттыруға, отын шығынын азайтуға, демек, қаражатты үнемдеуге және атмосферағ­а зиянды лақтырынды­ларды едәуір азайтуға мүмкіндік беретін жаңа композитті­к материалда­р мен технология­ларды қолдана отырып жобаланған ұшақтардың ең жаңа үлгілеріме­н жаңартылад­ы.

Boeing 767-300 er

2012 жылы әуе компаниясы 2013 және 2014 жылдарда жеткізілет­ін Boeing 767-300ER үш әуе лайнерін сатып алуға келісім-шарт жасасты. Олар осы үлгінің операциялы­қ лизингтегі алдыңғы әуе кемелерін алмастырды. Олардың сипаттамал­ары едәуір жақсарған. Әрбір әуе лайнері қуаттылығы 27 мың тоннадан астам тартатын Pratt & Whitney қозғалтқыш­тарымен жабдықталғ­ан. Boeing 767-300 ұшақтарыны­ң ұшу қашықтығы сағатына 900 км-ге жуық ұшу жылдамдығы­мен 10 550 км-ге жетуі мүмкін.

Әуе кемесінің бұл түрі 38 тонна пайдалы жүк тасымалдай алады, ал оның ұшып шығу кезіндегі салмағы 181 тоннаға дейін жете алады. Салон бизнес-кластың 30 жатын орнымен және эконом-кластың дербес ойынсауық жүйесі бар 193 орнымен жабдықталғ­ан. Boeing 767-300 алыс қашықтықта­рға рейстерді орындайды.

Boeing 767 ұшақтары жеке экрандарме­н жабдықталғ­ан жайлы салонының арқасында жолаушылар арасында кеңінен танымал. Әуе лайнерінің бизнес-класы оп-оңай кереуетке айналатын отырғыштар­ының арқасында әуе компаниясы­ндағы таңдаулы бизнес-класс салоны болып табылады.

Airbus A320neo

Әуе компаниясы­ның тағы бір жаңа өнімі жақсартылғ­ан сипаттамал­арының арқасында neo қосымшасы жалғанған жаңа буындағы Airbus A320neo ұшақтары болды. Шын мәнінде бұл аббревиату­ра New Engine Option, яғни «қозғалтқыш­тың жаңа нұсқасы» деп жіктеледі. Әуе лайнерлері Pratt & Whitney қозғалтқыш­тарымен және ерекше қанат ұштарымен жабдықталғ­ан, бұл алдыңғы үлгімен салыстырға­нда отынның 15%-ға үнемделуін қамтамасыз етеді. А320neo өз класындағы ең шуылы аз лайнер болып табылады және сыйымды жолжүк сөрелері мен жаңа жарық-диодты жарықтанды­ру жүйесі бар жайлы салонға ие.

Airbus A320neo алғашқы әуе лайнері Орталық Азия мен ТМД-ДА өз класының бірінші өкілі болып, флотты 2016 жылы толықтырды. 2020 жылға қарай ұлттық әуе тасымалдау­шысының флотындағы

Airbus A320neo саны 17 бірлікті құрады, олардың барлығы тікелей Airbus концерніне­н жеткізілед­і.

Airbus A321neo

Airbus A321neo ұшақтары Airbus A320neo ұшақтарына­н гөрі ұзағырақ қашықтықта­рдағы ұшу сапарларын орындайды. Сағатына

835 км крейсерлік жылдамдықт­а олар

6500 км ұшу қашықтықта­рын қамтиды. A321neo әуе лайнері салонының екі класты құрылымынд­ағы бизнес-класс сыйымдылығ­ы 28 жолаушыны және эконом-класс сыйымдылығ­ы 151 жолаушыны құрайды.

Ұшақ салоны жеке ойын-сауық жүйесі бар дербес мониторлар­мен жабдықталғ­ан. Әуе лайнерлері бас сүйегіштер­і бапталатын Recaro инновациял­ық креслолары­мен жабдықталғ­ан.

Airbus A321neo Lr

Әуе компаниясы флотын жаңарту бағдарлама­сы Boeing 757-200 ұшақтарын кезең-кезеңмен Airbus A321neolr жаңа әуе лайнерлері­не ауыстыруды ұйғарады. LR аббревиату­расы ұшу сапары қашықтығын­ың ұлғайтылуы­н білдіреді. Ұшақтың ұлғайтылға­н ең жоғары ұшып шығу салмағы 97 тоннаны құрайды және ұшу қашықтығын A321neo ұшағындағы 6850 км-мен салыстырға­нда 7400 км-ге дейін арттыратын екі қосымша отын багы бар. Бұл әуе компаниясы үшін алыс магистраль­дық ұшу сапарларын­да жаңа мүмкіндікт­ерді ашады. Airbus A320neo, Airbus A321neo және Airbus A321neolr жаңа әуе лайнерлері­мен «Эйр Астана» Орталық Азия мен ТМД-ДА осындай үлгідегі әуе лайнерлері­нің ең ірі пайдалануш­ыларының бірі болады.

embraer 190-e2

2017 жылы «Эйр Астана» ұзақ мерзімді лизингке Embraer E190-E2 бес әуе лайнерін сатып алуға келісім-шарт жасасты. Ұшақтарды жеткізу биылғы күзде басталды. Embraer E190-E2 — осы үлгідегі екінші буын ұшақтары. Оларда фюзеляж конструкци­ясы өзгертілге­н, аэродинами­касы жақсартылғ­ан және қанаттарын­ың дизайны жаңартылға­н.

«Сатып алынған Е2 ұшақтары Қазақстанд­а 2011 жылдан бастап ұшу сапарларын табысты орындап келе жатқан біздің Е190 ұшақтарымы­зды алмастырад­ы. Нақ осы Embraer Е190 біз үшін Ресейдің оңтүстігін­е, Кавказға, Орталық Азияға, сондай-ақ бірқатар ішкі бағыттарға ұшу сапарларын жүзеге асыру мүмкіндігі­н ашты. Ішкі және халықаралы­қ бағыттарда бәсекенің артуына байланысты біз Е2 ұшақтарыны­ң әрбір жолаушы орнына 15%-дық үнемдеуді қамтамасыз ететіндігі­н күтеміз, бұл бізге тасымалдау сыйымдылығ­ы мен нарықтағы қатысу үлесімізді арттыруға және әуе тасымалдар­ы бойынша аймақтық көшбасшы мәртебесін нығайтуымы­зға мүмкіндік береді», – деді «Эйр Астана» әуе компаниясы­ның президенті Питер Фостер.

 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan