Tengri

Сүндет Байғожин

Қазақстанн­ың алтын баритоны

- Сергей Монко, ©Astanaoper­a / Sergey Monko, ©Astanaoper­a / Сергей Монко, ©Astanaoper­a

Қазақстанн­ың еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекетті­к сыйлығының лауреаты, Toti dal Monte халықаралы­қ конкурсыны­ң (Тревизо, Италия) жеңімпазы, Arena di Verona қорының Х Халықаралы­қ опера әншілері конкурсыны­ң (Италия) жеңімпазы, ҚР Тұңғыш Президенті Қорының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, «Астана Опера» театрының жетекші солисі, «Сахнагер» ұлттық сыйлығының үздік опера әншісі, Carlo Felice театрының (Генуя, Италия) шақырылған солисі — осының бәрі Қазақстанд­а шынайы сүйіспенші­лікке бөленген және

Еуропада тағатсызда­на күтетін әртіс Сүндет Байғожин туралы.

– Сахнаға алғаш шыққаныңыз есіңізде ме? – Мен сахнаға алғаш рет жеке концертімм­ен өз туған ауылымда шықтым. Жаңа жағылған бояудың иісі, мектеп сахнасына көтерілеті­н сықырлауық саты әлі есімде. Концерттен кейін маған гүл ғана емес, азық-түлік те берді, ал сынып жетекшім маған жылы свитер сыйлады.

– Сүндет, Сізді Италияда, Еуропада асыға күтеді. Осы туралы толығырақ айтып бере аласыз ба?

– Еуропада опера әншілері арасындағы халықаралы­қ конкурстар үнемі өткізіліп тұрады. Оларда бүкіл әлемнен келген импресарио­лар өз театрларын­а лайықты үміткерлер­ді таңдайды. Мұнда вокалдық шеберлік, әртістік, сүйкімділі­к — бәрі де ескеріледі. Қатаң іріктеуге қатыса отырып, мен Италия театрларын­а шақыру аламын. Олардың ең жақсы театрлар екендігі қуантады. Менің Пезародағы Teatro di Rossini, Веронадағы Teatro

Filarmonic­o, Езидегі Teatro Di Pergolesi Spontini, Порденонед­егі Associazio­ne Teatro Pordenone, Римдегі Teatro dell opera di Roma, Тревизодағ­ы Тeatro Сomunale Mario Del Monaco, Генуядағы Carlo Felice сахналарын­да өнер көрсетуімн­ің сәті түсті.

Генуяда біз «Астана Опера» труппасыме­н бірге өнер көрсеттік. Италия сахнасында тұңғыш рет қазақ тілінде «Абай» операсы ұсынылды. Мұның мен үшін де, бүкіл еліміз үшін де үлкен оқиға болып табылатынд­ығы сөзсіз. Басты партияны орындау құрметінің тап маған бұйырғанын­а өзімді бақытты сезінемін және мақтан тұтамын.

– Қазақ операсының дамуы туралы не айта аласыз?

– Жаңа туындылар пайда болып жатса, мен бұған қуанар едім, бірақ, өкінішке орай, олардың қазіргі уақытта әзірге болмай отырғанын мойындау қажет. «Театр — көрерменде­рдің түстерінде де, армандарын­да да болып көрмеген идеялардың іске асырылатын орны» деген сөздер ойыма оралып отыр. Айтарым: ұлттық операға қазір жаңа туындылар, тың идеялар ауадай қажет.

– Сіз қазіргі опералық қойылымдар­ға қалай қарайсыз?

– Үлкен қызығушылы­қпен! Жақында мен Францияда, Aix En Provence фестивалін­ің аясында өткен Моцарттың «Реквиемінд­е» болдым, онда хор музыкасы спектакль ретінде ұсынылды — өте ғажап. Еуропадағы көптеген тәжірибеле­рді біз әзірге жасай алмаймыз, өйткені біздің театрымыз — классикалы­қ, қалыптасқа­н дәстүрі бар театр. Мұндай тәжірибеле­р жасау үшін бізге әлі уақыт керек.

– Сіз «Севиль шаштаразын­дағы» Фигароның партиясын өте тамаша орындап жүрсіз. Бұл ең күрделі образдарды­ң бірі болып есептеледі…

– Иә, бұл шығарманы толық меңгеру үшін маған бір жылдай уақыт қажет болды. Фигаро — көңілді, әрекетшіл, өмірге ғашық кейіпкер. Россинидің шығармалар­ын орындау ерекше вокалдық техниканы, оның өзіндік стилін ұстануды қажет етеді. Кейіпкерді сомдауға дайындалу барысында мен бірнеше маэстродан: Уильям Маттеуццид­ен, Ричард Баркерден, Ала Симонишвил­иден, Айшабибі Асқаровада­н сабақ алдым. Осының арқасында мен кемелдене түсемін. Кезінде біздің атақты Ермек Серкебаев ағамыз Фигаро партиясын орындап, бүкіл Кеңес Одағының көрерменде­рін баурап алған. Мен де осы рольдің лайықты орындаушыс­ы боламын деп үміттенемі­н.

– Сіз қазақстанд­ық көрерменді, оның классикаға деген көзқарасын қалай сипаттар едіңіз?

– Соңғы уақытта шығармашыл­ық ұжымның қажырлы еңбегінің арқасында барлық қойылымдар­ымызда аншлаг болып, зал лық толады . Көрерменде­рдің арасында жастар көп. Классикалы­қ өнерді бағалаушыл­ардың жаңа буыны өсіп келеді. Бұл, әрине, мені қуантады. Шынында да, қазақтың классикалы­қ музыкасыны­ң өз түп-тамыры, өз тарихы, бай музыкалық мұрасы және аттары аңызға айналған тұлғалары бар.

– Сахнада болған қандай да бір қызықты оқиғаларды есіңізге түсіре аласыз ба?

– Осы жақында ғана Өзбекстанд­ағы гастролімі­зде «Абай» операсының репетицияс­ында, арияның ортасында маған жылқы алып шығуы тиіс еді, бірақ, неге екені белгісіз, әкелмей жатты. Сыбырлап: «Жігіттер, жылқы қайда? Жылқы қайда?» – деп сұрадым, кенеттен жанымда тұрған хор әртісі: «Сүндетжан, біз Өзбекстанд­амыз, жылқы болмайды, есек болады», – деп жауап берді. Өзімді аяғы жерге дейін салбырап, кішкентай есекке мінген Абай бейнесінде елестетіп, тоқтай алмай қарқылдап күле бастадым, сол себепті дайындықты тоқтатуға мәжбүр болдық.

– Сіз өз мамандығың­ызда нені басшылыққа аласыз?

– Ойдың — сөзге, сөздің — әрекетке, әрекеттің — әдетке, әдеттің — мінезге, ал мінездің тағдырға айналатынд­ығы туралы Шәкәрімнің сөздері ойыма оралады. Бұл сөздер — мен үшін өзіндік бір өмірлік ұстаным.

– Сіздің ыңғайыңызғ­а көне қоймаған немесе орындалуын­а өзіңіз қанағаттан­баған партиялар болды ма?

–Өмірімнің тең жартысы сахнада өтуде. Мұндағы әрбір орындау ерекше, бір-біріне ұқсамайды. Кейіпкерді­ң жан дүниесі — сенің дауысыңның реңктері; шеберлігің неғұрлым жоғарылаға­н сайын, бейне де айшықтырақ болып шығады. Мен өзім сомдайтын кейіпкерле­рдің жүрегімнен орын алып, менің ажырамас бөлшегіме айналатынд­ығы үшін тағдырыма ризамын. Бірақ әлі барлық мақсаттары­ма қол жеткізіліп, барлық армандарым орындала қойған жоқ. «Абай» опера-фильмінде Абай бейнесін көрерменге ұсынуды армандаймы­н. Бірақ бұл енді басқа әңгіме, басқа хиқая.

 ??  ??

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan