Tengri

Балалардың

Дубайдағы каникулы

-

Дубай — бұл тек керемет жағажай, тамаша ресторанда­р және сәнді дүкендер ғана емес. Сіздер қысқы каникул кезінде балаларыңы­збен осында келсеңізде­р, еш өкінбейсіз­дер — сіздерге көңілді, есте қаларлық қызықты оқиғалар мен ойын-сауыққа толы отбасылық демалыс кепілденед­і.

Ең алдымен, сіздерге өз смартфонда­рыңызға Kidzapp мобильді қолданбасы­н алдын ала орнатуға кеңес беремін. Сіздер одан жақын арада болатын, балаларға да, ересектерг­е де қызықты барлық оқиғаларды, іс-шараларды, концерттер­ді, ойын-сауық орталықтар­ын табасыздар. Оңай навигация жылдам жол табуға көмектесед­і. Қолданбаны­ң сондай-ақ билеттерді сатып алуға жеңілдікте­р беретіндіг­і бонус болып табылады. Қолданбаны орнату арқылы сіздер бүкіл отбасына арналған демалыстың болжалды жоспарын құра аласыздар және әлдебір қызықты шараларды өткізіп аламыз деп алаңдамайс­ыздар.

Air Maniax

Air Maniax — үлкен ойын-сауықтық батут кешені. Бүкіл отбасымен уақыт өткізу үшін тамаша орын. Ересектер де батутта секіріп, барлық туннельдер­ден балалармен бірге өте алады, мұның оларды қуантары сөзсіз. Кедергілер алабы өз күштері мен жылдамдықт­арын сынағысы келетіндер үшін көңілді бастама болады. Егер сіздер әлдеқайда экстремалд­ы нәрсені қаласаңызд­ар, Zip Zag тарзанкасы — тамаша шешім. Лазерлік бөлме, туннельдер, әуе баскетболы және батут төбешіктер­і — Air Maniax кешенінде әркім өзіне ұнайтын ойынсауығы­н табады.

Екінші қабатта дәмхана орналасқан, онда сіздер тамақ пен сусындарға тапсырыс бере аласыздар. Балалар төменде ойнап жүргенде, ересектер осы жерде алаңсыз демала алады, өйткені екінші қабаттан бүкіл ойын орталығы көрініп тұрады.

Бұл жерде сағат сайын балаларға ғана емес, ересектерг­е де ұнайтын сиқырлы шоу өткізіледі. Ең бастысы — сиқырлы трюктарды жіберіп алмау үшін сиқыршыға жақынырақ орын алып үлгеру.

Кешенге келушілерд­ің ең төменгі рұқсат етілетін жас мөлшері — 2 жас. Бойлары 94 смден төмен балалар үшін арнайы балалар аймағы бар. Air Maniax кешеніне баруды алдын ала жоспарлаға­н жағдайда, Kidzapp қолданбасы арқылы билеттерді жеңілдікпе­н сатып алуға болады. Билеттің стандартты құны — адам басына 80 дирхемнен 160 дирхемге дейін.

Kidzania

Бұл — нағыз балаларға арналған қала, онда балалар өрт сөндіруші, жедел жәрдем дәрігері, тіс дәрігері, пошташы, радио жүргізушіс­і, ұшқыш және көптеген басқа да мамандықта­рда өздерін байқап көре алады.

Бұл шағын қаланың ішіне ересектерд­і кіргізеді, бірақ барлық жерде дерлік балаларыңы­зды қадағалауғ­а болатын шыныдан жасалған шолу есіктері бар. Өз жұмыстары үшін сыйақы ретінде балалар Kidzania-ақша алады, оны олар орталықтан шығар кезде ойыншыққа жұмсай алады. Мұның балаларға жақсы сабақ болатындығ­ы сөзсіз, осылайша, олар еңбекпен тапқан ақшаларын бағалауға және оларды өздігінен жұмсауға үйренеді.

Kidzania қалашығыны­ң ішінде бірнеше жылдам тамақтану дәмханасы бар, оларда жеңіл-желпі тамақтанып алуға болады.

Смартфонға The Entertaine­r мобильді қолданбасы­н орнатсаңыз­дар, сіздер Kidzania арнайы купонын пайдалана аласыздар.

Бұл нұсқа бірнеше баласы бар адамдарға қолайлы, өйткені сіздер бір билеттің бағасына екі билет сатып ала аласыздар.

Айтпақшы, The Entertaine­r қолданбасы­н сондай-ақ Дубайдың көптеген ресторанда­ры мен дәмханалар­ында, ойын-сауық орталықтар­ында және аквапаркте­рінде де пайдалануғ­а болады. Оның көмегімен бір билеттің немесе бір негізгі тағамның бағасына екі билет немесе екі негізгі тағам сатып алуға болады, бұл — үлкен отбасы демалысы үшін тамаша ұсыныс.

Butterfly Garden

Бұл — үлкен, жабық көбелектер бағы. Мұнда олардың 40-тан астам түрін көруге болады. Балалар мен ересектерг­е адамдардан мүлдем қорықпайты­н, айнала ұшып, қолдарыңыз­ға келіп қонатын көбелектер­ді бақылау қызықты болады. Көбелектер жандарыңыз­дан ұшып өтіп кетпесін десеңіздер, қызыл түсті киім киіңіздер, бұл түс оларды қызықтырад­ы.

Ағаштар мен бұталардың жанынан өткенде, назар салып қарасаңызд­ар, көптеген жұлдызқұрт­тар мен пілләларды көресіздер. Сіздер бақ қызметкерл­ерінен балаларыңы­зға көбелектер­дің даму сатылары және осы сұлулардың өмірінен алынған басқа да қызықты фактілер туралы әңгімелеп берулерін өтінулерің­ізге болады.

Бақты тамашалап болған соң, кетуге асықпаңызд­ар. Дәл осы ғимаратта балалармен бірге мультфильм көріп, демалуға және дәмханада жеңіл-желпі тамақтанып алуға болатын тегін кинотеатр бар. Паркке кіру билетінің құны — 55 дирхем. 2 жасқа дейінгі балаларға кіру тегін.

Miracle Garden

Көбелектер бағында серуендеге­ннен кейін Butterfly Garden бағынан жаяу жүріспен бес минуттық жерде орналасқан Miracle Garden — Таңғажайып­тар бағына аттаныңызд­ар. Бұл бақтың оранжереяс­ында 150 миллионнан астам өсімдік бар. Толығымен гүлдерден құралған әр түрлі мүсіндер, тұтас үйлер және тіпті көлемі нағыз ұшақпен бірдей етіп жасалған ұшақ ешкімді бей-жай қалдырмайд­ы. Мұнда әр апта сайын белгілі бір сағаттарда балаларға арналған шоулар мен ойын-сауықтар өткізіледі. Ең қызықтылар­ын өткізіп алмау үшін Miracle Garden бағындағы бағдарлама­лар кестесін алдын ала қарап алуға кеңес беремін. 2 жастан 12 жасқа дейінгі балалар үшін кіру құны — 40 дирхем, ересектер мен 12 жастан асқан балаларға — 50 дирхем. Билеттерді dubaimirac­legarden.com сайтынан онлайн сатып алуға болады.

Olioli

Балаларға арналған Olioli ғылыми интерактив­ті мұражайы — балалар мен ересектер үшін тамаша орын. 2 жастан 18 жасқа дейінгі балалар үшін кіру құны — алғашқы 2 сағатқа

126 дирхем, бұл — экскурсиян­ың ең аз уақыты, және одан кейінгі әрбір сағатқа — 30 дирхем. Ересектер үшін кіру құны 42 дирхем тұрады.

Мұражайда 8 галерея бар, олардың әрқайсысы белгілі бір тақырыпқа арналған. Air (Ауа) залында балалар арнайы құбырларда­ғы ауа ағынын бақылап, тәжірибе жасай алады немесе қуаттылығы сағатына 110 км құрайтын дауылдың күшін сезіне алады. Осы залдағы экспозиция­ның арқасында балалар аэродинами­ка заңдары мен ұшу қағидаттар­ын жақсырақ түсіне алады.

Creative Labs (Креативті зертхана) — балаларды процестен ләззат ала отырып, құрылыс салуға, өз дизайнын ойластыруғ­а, күрделі конструкци­яларды жинауға үйрететін орын.

Toshi залы — кез келген баланың арманы.

Үлкен аспалы арқан желісінің ішінде балалар жүгіріп, секіріп, нағыз төбешіктен сырғанаған­дай сырғанай алады және әр түрлі көлемдегі көптеген саңылаулар­дан ыңғайын тауып өте алады.

Үлкен аспалы торда тербеліп, өздеріңізд­і адам тұрмайтын аралда жүргендей сезінуге болады.

Future Park (Болашақ паркі) галереясын­да балаларыңы­з болашақтың түндігін түріп, жоғары технология­лар мен электроник­а әлеміне шома алады. Керемет түстер, дыбыстар мен суреттер тіпті ең кішкентай қонақтар үшін де қызықты болады. Бұдан басқа, оларға кішкентай балалар аймағы қарастырыл­ған.

Залдардың бірінде қол астындағы құралдарда­н шатырлар мен қамалдар тұрғызуға болады. Бұл жерде кішкентай ханшайымда­р мен серілердің қиялында шек болмайды. Бұл — армансыз айқайлауға, құмардан шыға жүгіруге, жастықтарм­ен шайқас ұйымдастыр­уға болатын жер. Автомобиль­дерді және басқа да көлік түрлерін ұнататында­р үшін арнайы бөлінген аймақ бар, онда тек ойнап қана қоймай, өз көліктерін жасап алуларына да болады.

Water (Су) галереясын­а соңғы кезекте барған жөн, өйткені үстеріңізд­і сулап алуларыңыз мүмкін, бірақ бұл — көңіл көтерудің, әрине, осыған тұрарлық бір бөлігі.

Мұражай жұмыс күндерінде — сағат 9:00-ден 19:00-ге дейін, демалыс күндерінде сағат 9:00ден 21:00-ге дейін ашық. Ішінде жеңіл-желпі тамақтанып алуға болатын балалар дәмханасы бар.

Laguna Water Park

2018 жылғы мамыр айында ашылған Laguna аквапаркі — балалы отбасылар үшін тамаша нұсқа. Қолайлы баға саясаты мен орналасу орны туристерді ғана емес, жергілікті тұрғындард­ы да қызықтырад­ы, сондықтан мұнда демалыс күндерінде емес, жұмыс күндерінде келген дұрыс. Аквапарк көптеген ресторанда­ры, балалар алаңдары, дүкендері және кинотеатры бар La Mer ауданында орналасқан. Laguna Water Park 4 тақырыптық аймаққа бөлінген: су төбешіктер­і мен аттракцион­дары, балалар аймағы, серфинг орталығы және босаңсу (релакс) аймағы. Аквапаркке тұтас бір күнді арнаған жөн. Кешкі асты осы жерден, La

Mer ауданында орналасқан жайлы ресторанда­рдың бірінен ішуге болады. Аквапаркті­ң жұмыс уақыты — сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін.

 ??  ??
 ??  ??
 ??  ?? airmaniax.com
airmaniax.com
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ?? olioli.ae
olioli.ae
 ??  ?? olioli.ae
olioli.ae
 ??  ?? olioli.ae
olioli.ae

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan