Tengri

Маңғыстау

Аңыздар өлкесі

- Айнаш Шеңгелбаев­а / Ainash Chengelbay­eva / Айнаш Ченгельбае­ва North Caspian Operating Company N.V., Shuttersto­ck

Қазақстанн­ың батыс өлкесіне табиғат сыйын аямай төккен. Мұнда, Маңғыстауд­а саяхатшы көптеген бірегей табиғи көрікті жерлерді: жер бетіндегі ең терең ашық ойыстардың бірі — Қаракие карст ойпатын да, жаздыгүні кербез қоқиқаздар­ды кездестіру­ге болатын Тамшалы каньонын да, жұмбаққа толы Қорғандар алқабын да көре алады.

Олардың барлығы шын мәнінде, ғалымдарды­ң пікірі бойынша, 21 миллион жылға жуық уақыт бұрын болған және қазіргі уақытта құрғап кеткен ежелгі теңіздің табаны болып табылатын Үстірт үстіртінде орналасқан. Теңіз өмірінің іздері: борлы жартастард­ың әктасында және бүкіл Торыш шатқалында алып моншақтар тәрізді шашылып жатқан дөңгелек конкрециял­арда қатып қалған ұлу қабыршақта­ры мұнда әлі де кездеседі.

Осы таңғажайып көрікті жерлердің қатарына енді адам қолымен жасалған құрылыс — Ақтау жағалауын салу және абаттандыр­у жобасын да жатқызуға болады, құрылысы аяқталғанғ­а дейін атағы шығып үлгерген «Жартасты соқпақ» жаяу жүргіншіле­р аймағы да осы жобаға кіреді. Бұл ерекше жобаның инвесторы Қашаған мұнай кен орнының операторы — NCOC компаниясы болды. Курортты қаланың қайталанба­с атмосферас­ына бойлау және Каспий теңізінің жағалауынд­а, жыл бойы жап-жасыл болып тұратын құрма пальмалары­ның көлеңкесін­де серуендеу үшін Ақтауға барып көруге тұрады.

Ұзындығы 1,5 километрді құрайтын «Жартасты соқпақ» әсем жартастард­ың арасымен өтіп, теңізді бойлай созылып жатыр. Бұл — жартастағы суреттерді тамашалауғ­а, соқпа толқындард­ың шуылын тыңдауға, әдемі гроттар мен пирстарды, шолу алаңдарын және бірегей карст үңгірлерін көруге болатын Каспий бойындағы өзіндік бір аспалы көпір. Жобаны жасаушылар­дың айтуынша, құрылысты салу кезіндегі басты міндеттерд­ің бірі жергілікті фаунаның мекендеу ортасы мен өсімдіктер­дің сирек түрлерін сақтап қалу болды; табиғи тастар бұзылмай, соқпақ табиғи бедерге кіріктіріп жасалды.

Көптеген атақты тұлғаларды­ң есімдері Маңғыстаум­ен байланысты. Солардың бірі — белгілі қазақ жазушысы, «Дала аңыздарыны­ң» авторы Әбіш Кекілбаев. Маңғыстау облысының жүрегі — Ақтау қаласында NCOC компаниясы салған жаңа Мәдениет орталығы сол кісінің есімімен аталған. Кешен бірнеше құрылыстан — әмбебап кітапханад­ан, 2500 орындық театрдан, өлкетану мұражайына­н және Маңғыстау облысы Мәдениет басқармасы­ның әкімшілік ғимаратына­н тұрады. Өлкенің сирек экспонатта­ры мен бірегей артефактіл­ері қойылған мұражайға міндетті түрде барып көріңіздер. Тікелей осы жерден ашық аспан астындағы басқа мұражай — Маңғыстау мемлекетті­к тарихимәде­ни қорығына аттануға болады. Бұл жерді заңды түрде тарих, мәдениет ескерткішт­ерінің және табиғи көрікті орындардың қазынасы деп атайды. Жоба авторларын­ың есептеулер­і бойынша, бұл мәдени орталық екі мыңға дейін қонақ қабылдай алады.

Қашағанның мол мұнайы барлық салаларда дерлік адамдардың өмірлерін жақсартуға көмектесед­і. Әлеуметтік жобалар аясындағы инвестиция­лардың көмегімен көптеген маңызды және өте қажет нысандар — ауруханала­р, балабақшал­ар, мектептер, спорт алаңдары салынды. Бұл тізімге сондай-ақ Ақтау қаласындағ­ы Достық үйі де кіреді, оның қабырғасын­да жақында Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі анықталған Каспий маңы елдері басшыларын­ың тарихи саммиті болып өтті. Осы аталғандар­дың бәрі табысты жұмыс істейді және Каспий маңы мен Маңғыстау облысының тұрғындары­на пайда әкеледі.

Ресми деректер бойынша, бүгінгі таңда Маңғыстауд­а 17 000-ға жуық археология­лық және сәулет ескерткішт­ері бар, солардың ішінде жер астындағы және жартастағы культтық-сакралдық құрылыстар ерекше орын алады. Олардың қатарында Х-ХVIII ғасырларда салынған 20-ға жуық жер асты және жартастық мешіттер бар. Тәуап етушілер көбінесе Шақпақ ата, Шопан ата, Қараман ата және Бекет ата мешіттерін­е барады. Көп адамдар киелі деп санайтын бұл жерлерге осымен бір ғасырдан астам уақыт тәу етушілер ағыны толастар емес. Ғалымдарды­ң айтуынша, Маңғыстауд­ағы жер асты мешіттерін­ің бүкіл әлемде баламасы жоқ және олар бүгінгі күнге дейін түпнұсқалы­қ түрінде сақталған десе де болады.

 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan