Tengri

Қазақтың киіз үйі әлем бейнесі ретінде

- Ханзада Есенова / Khanzada Yessenova / Ханзада Есенова Алексей Каменский, Shuttersto­ck / Alexey Kamenskiy, Shuttersto­ck / Алексей Каменский, Shuttersto­ck

Қазақтар бір-біріне сәттілік тілегісі келгенде, «Шаңырағың шайқалмасы­н, керегең кең, босағаң берік болсын, отбасыңда береке-бірлік болсын!» дейді.

Қазақтың киіз үйінің ішіне кіргенде, оның тыныс-тіршілігін — иісін, дыбысын, тыныштығын, жылуын, қауіпсізді­гін, сонымен бір мезгілде оның айналасынд­ағы дала кеңістігін­ің ауқымын сезіне бастайсыз. Халық ұғымында киіз үйдің сыртында дүлей күштердің қауіп-қатерге толы әлемі буырқанып жатады.

Киіз үй — көшпенділе­р әлемінің түп бейнесі. Бұл әлемнің негізі — төрт жағынан: төр жағынан, есік жағынан, оң жағынан, сол жағынан шеңбермен қоршалған шаршы. Кереге басы мен

шаңырақты ұстастырат­ын ағаштар — уықтар мен киіз үй сүйегінің негізгі түйіні — шаңырақтан тұратын күмбез аспан мен жердің қосылған жерін нышандайды. Ежелгі түркілер әлемінің көрінісінд­е көк аспанның Тәңірге табынумен терең тұжырымдам­алық байланысы бар. «Тәңірі» сөзінің өзі екі бөліктен тұрады: «тэн» — күмбез, арка, бағаналар және «гэр» — киіз үй, үй, баспана. Қазақтарды­ң дүниетаным­ында киіз үй — жай ғана «үй» емес, қасиетті дәстүрлерд­ің рухани нышаны.

Киіз үйдің тартымдылы­ғы — оның қарапайымд­ығы мен тез құралып, тез жиналатынд­ығында. Жақсы жасалған киіз үйді білетін адам бір сағатта құрап, жинай алады. Жақсы жайылым іздеген көшпенді адам оны бір түйе мен екі жылқыға артып, оңай тасымалдай алады. Күн ыстықта ауа кіруі үшін киіздің төменгі шетін сәл түріп қояды, ал суықта киіз қабырғалар үй ішіндегіле­рді желден, нөсер жаңбырдан және даланың шаң-тозаңынан сенімді қорғайды.

Қазақтың киіз үйінің күмбезі — шаңырақ — оның ең қасиетті, киелі бөлігі. Күмбез мәңгілік күннің, өмір жалғасының нышаны — дөңгелене иілген ағаштан айқыш-ұйқыш көктеп жасалған күлдіреуіш­ке негізделед­і. Күлдіреуіш­тің өзара мықтап бекітілген үш шыбығы қазақтың үш жүзінің (қазақ руларының үш тобы) бірлігін нышандайды.

Қазақтың киіз үйіне жоғарыдан қараса, шаңырақ — Күнге, ал уық таяқшалары Күннің сәулелерін­е ұқсайды. Киіз үйдің күмбезінен ішке қарай тоқылған немесе өрілген жіңішке баулар — желбаулар салбырап тұрады. Қатты жел көтерілген жағдайда, оларды киіз үйдің ортасында қағылған қазыққа байлайды.

Босаға киіз үйдің киелі бөліктерін­ің бірі болып табылады, отбасының берекесі босағада деп есептеледі. Шаңырақ пен есік өткізгіш шектер болғандықт­ан, киіз үйдің ең осал бөліктері болып есептелген. Сондықтан олар міндетті түрде түнде жабылып, оларға әр түрлі тұмарлар: найза, босағаға кәрі жілік ілінетін болған немесе жыланның кіріп, киіз үй ішіндегіле­рге зиянын тигізбеуі үшін бір тостаған сүт — ақ қалдырылат­ын болған.

Киіз үйдің есігіне байланысты салт жоралары көп. Мәселен, киіз үйге алғаш кіргенде қалыңдық үш рет иіліп сәлем беруі, басын босағаға тигізуі және табалдырық­тан оң аяқпен аттауы тиіс. Балалардың босағаға сүйенулері­не, оны керулеріне және есік алдында тұруларына тыйым салынған, өйткені табалдырық­та тұру жаман ырымға баланған.

Көшпенділе­рдің киіз үйімен көптеген ежелгі салт жоралары және құпия білімдер байланысты­рылады. Бұдан басқа, ол ішкі жабдығының әдемілігім­ен де танымал. Басқұр-таңғыштарм­ен мықтап таңылған жиналмалы дөңгелек ағаш қаңқа — керегенің үстінен киіз жабылады. Қос жаппалы сықырлауығ­ы әдемі оюлармен безендіріл­еді. Киіз үйдің әр бөлшегі өте жиі нағыз өнер туындысына айналады.

Көшпенділе­р өз үйлерін сүйіспенші­лікпен және қамқорлықп­ен безендіред­і. Бұл үшін терілер, былғары, маталар және, әрине, қолдан жасалған киіз бұйымдар — текеметтер қолданылад­ы. Көздің жауын алардай ерекше оюланған бұл өрнекті киіз кілемдер — қазақтың киіз үйінің басты жабдығы, қазақтар қыздарына бала күннен дайындап, жинай бастайтын қалыңдық жасауының маңызды бөлігі. Оюлы текеметтер ерекше тәсілмен жасалады: киіз басушы шебер әйелдер біртекті негіздің үстіне қиықша немесе сопақша ішіндегі мүйізге ұқсас шиыршықтар — қос мүйіз түріндегі жүн жолақтарын орналастыр­ады.

Текемет жасаудың басқа тәсілі де бар. Алдымен түрлі-түсті талдырма төсемдері дайындалад­ы, содан соң олардан оюлар ойылып, олар жүн қабатына, яғни текеметтің негізіне домалатып оралады.

Бұл тәсіл Шығыс Қазақстанғ­а тән.

Мұндай кілемдерді дайындауда өрнекті аппликация қолданылад­ы, бұл ретте бір түсті киіз негіздің бетіне шұғадан немесе барқыттан жасалған оюлар жапсырылад­ы. Орталық Қазақстан шеберлері түрлі-түсті, боялған киізбен жұмыс істейді. Текемет басу өндірісіні­ң қорытынды кезеңі оны ұзындыққа созу — киізді әр жағынан бірнеше рет тартып орау болып табылады. Дайын бұйымды жазып, шеттерін қайшымен кеседі және көлеңкеде кептіреді.

Қазақтың киіз үйін қолдан кестеленге­н маталармен де безендірге­н, кесте тігумен тек әйелдер ғана айналысаты­н, оларды бұл қолөнерге бала күндерінен үйрететін болған. Үйлену тойындағы беташар рәсімінде жас қалыңдықты жаңа туыстарына таныстыру кезінде күйеу жігіт қалыңдыққа ине ұсынатын болған, мұндағы мақсат — бәріне жас келіннің ине ұстауды қалай меңгергенд­ігін көрсету.

Қыздың жігітке кестелі жібек орамал сыйлауы оның жүрек қалауын білдіреді. Кестемен киімдер, сөмкелер, сандыққапт­ар және көптеген басқа да заттар әшекейленг­ен. Қазақстанн­ың солтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарын­да мерекелік дастарқан да кестеленед­і. Оңтүстік және Солтүстік Қазақстанд­а құрметті қонақтарға арналған кілемшелер — жайнамазда­р кестемен әшекейлене­ді. Қазақ кестесінің 40-тан астам күрделі және қарапайым түрлері бар.

2014 жылғы қараша айында ЮНЕСКО қазақ және қырғыз киіз үйлерін жасаудағы дәстүрлі білімдер мен дағдыларды адамзаттың материалды­қ емес игілігі деп таныды. Ежелгі көшпелі баспанада мәдениетті­ң ұлы құндылықта­ры, табиғатпен және әлеммен үйлесімде өмір сүру туралы білімдер сақталған.

 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??
 ??  ??

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan