ПОДГОТОВКА К ПОЛЕТУ
БРОНИРОВАНИЕ АВИАБИЛЕТА
Для того чтобы узнать стоимость перелета, забронировать или оформить авиабилет, не выходя из дома или офиса, вы можете связаться с центром бронирования и информации авиакомпании по телефонам: +7 (727) 244-44-77 (г. Алматы) или 58-44-77 (другие города Казахстана).
ПОКУПКА АВИАБИЛЕТА
При оформлении авиабилета необходимо обратить внимание на правильность написания имени и фамилии. Согласно требованиям некоторых стран, на момент возвращения срок действия паспорта должен быть не менее 6 месяцев.
На территории Республики Казахстан оплата осуществляется в национальной валюте — тенге. В собственных офисах продаж можно оплатить перелет как за наличные, так и платежной картой, безналичным платежом, оплатой через порталы Homebank, Kaspi.kz, банки-партнеры «Казком», «Сбербанк России» или платежные терминалы «Касса 24», QIWI.
Для оплаты авиабилета на корпоративном веб-сайте авиакомпании www.airastana.com вы можете использовать действующую кредитную или дебетовую карту. Авиакомпания «Эйр Астана» принимает к оплате карты Visa, Mastercard и American Express любого банка с определенными ограничениями. После оплаты вы получите авиабилет на указанный в процессе оформления электронный адрес.
ТАРИФЫ
Авиакомпания предлагает различные виды тарифов, включая специальный для пассажиров моложе 25 и старше 60 лет.
* По направлению в/из Дели применяется специальный тариф для пассажиров моложе 28 лет.
На международных рейсах
• перевозка одного ребенка в возрасте до 2 лет, не занимающего отдельного места и сопровождаемого взрослым пассажиром, — бесплатная, но на некоторых международных рейсах необходимо будет оплатить сборы аэропорта;
перевозка детей до 2 лет с предоставлением отдельного места — оплата в размере 50 % соответствующего тарифа сопровождающего взрослого пассажира;
перевозка каждого ребенка в возрасте от 2 до 12 лет, сопровождаемого одним взрослым пассажиром, — оплата в размере 50 % соответствующего тарифа сопровождающего взрослого пассажира.
На внутренних рейсах
• перевозка одного ребенка в возрасте до 2 лет без предоставления ему отдельного места — бесплатно;
• перевозка других детей в возрасте до 2 лет, следующих с пассажиром, — оплата в размере 50 % полного тарифа и предоставление отдельного места;
перевозка детей в возрасте от 2 до 15 лет — оплата в размере 50 % полного тарифа. * Примечание. Детям, следующим в пункт назначения без оплаты, право бесплатного
•
•
•
провоза багажа и отдельное место в салоне не предоставляются. Информацию о наших специальных предложениях вы можете найти на сайте www.аirаstаnа.cоm.
РЕГИСТРАЦИЯ НА РЕЙСЫ
Регистрация на рейс открывается за 3 часа до вылета — на международные направления и за 2 часа до вылета — на внутренние рейсы. За 40 минут до вылета регистрация закрывается. Посадка на самолет заканчивается за 15 минут до вылета.
Опоздавшим пассажирам необходимо поменять авиабилет на другой рейс. Документами, удостоверяющими личность, действительными для перевозки на территории Казахстана, являются:
паспорт (для граждан Республики Казахстан — паспорт с указанием ИИН);
удостоверение личности (для граждан Республики Казахстан — с указанием ИИН);
вид на жительство иностранца в Республике Казахстан (с указанием ИИН); удостоверение лица без гражданства; удостоверение беженца; свидетельство о рождении (для лиц, не достигших 16-летнего возраста).
Документами, удостоверяющими личность, действительными для перевозки на территории Казахстана, также являются дипломатический паспорт Республики Казахстан, свидетельство на возвращение, удостоверение личности моряка РК.
Необходимо предъявлять оригинал документа.
Если лицо, не достигшее 16-летнего возраста, путешествует в сопровождении родителя (-ей) и удостоверяет личность собственным паспортом, ему необходимо также иметь свидетельство о рождении для подтверждения статуса сопровождающего (-их) родителя (-ей).
•
•
•
• • •
БАГАЖ
Норма провоза бесплатного багажа зависит от забронированного тарифа программы MYCHOICE. Минимально в эконом-классе разрешено к бесплатному провозу одно место весом до 23 кг, в бизнес-классе — два места, по 32 кг каждое. Дополнительный багаж можно оформить с 30-процентной скидкой минимум за 24 часа до вылета или за полную стоимость в аэропорту на стойке регистрации. Подробнее — на сайте airastana.com.
Вес 1 (одного) места багажа, превышающий 32 кг, должен быть оформлен через услуги грузовых перевозок.
В случае перевозки объемного или крупногабаритного багажа вам необходимо написать на special.services@airastana.com для получения разрешения на его провоз.
РУЧНАЯ КЛАДЬ
Размеры ручной клади, допустимой к провозу в пассажирском салоне, имеют ограничения: пассажиры эконом-класса авиакомпании «Эйр Астана» могут перевозить одну сумку с габаритными размерами не больше 56 x 45 x 25 см и весом не более 8 кг; пассажиры бизнес-класса могут перевозить две сумки с указанным весом и размерами.
ОПАСНЫЕ ГРУЗЫ
Ниже содержится важная информация относительно перевозки запасных литиевых батареек для портативных электронных
жолаушыға 15 бірлік) тасымалдау үшін алдын ала рұқсат талап етілмейді.
3) Қол жүгіндегі қосалқы литий батареялары қысқа тұйықталуды болдырмау үшін жеке қорғалуы тиіс. Батареялар өндірушінің түпнұсқалық қаптамасында болуы тиіс немесе олардың клеммалары оқшаулануы, мәселен, оқшаулағыш таспамен желімденуі тиіс.
«Эйр Астана» АҚ алдын ала рұқсаты мына параметрлердегі кіріктірмелі литий батареялары мен қосалқы батареялары бар портативті электрондық құрылғыларды (медициналық құрылғыларды қоса алғанда) тасымалдау үшін талап етіледі:
литий-металл батареялар үшін — литийдің құрамы 2 грамнан 8 грамға дейін болғанда;
литий-иондық батареялар үшін — үлестік қуаты 100-ден 160 ватт/сағатқа дейін болғанда.
Осы абзацта көрсетілген шектерден асатын параметрлердегі кіріктірмелі литий батареялары мен қосалқы батареялары бар портативті электрондық құрылғыларды жолаушылардың жолжүгінде тасымалдауға тыйым салынады.
Тіркелген жолжүкте ішінде батареялары бар портативті электрондық құрылғыларды тасымалдаған кезде олардың өздігінен іске қосылуын болдырмайтын шараларды қабылдау қажет.
Литий батареяларымен іске қосылатын hover-board (гироскутер), mini-segway (мотокат, сегвей, самокат), air-wheel (бір доңғалақты гироскутер), solo-wheel (монодоңғалақ), balancewheel (электрлік ықшам моноцикл) сияқты дербес моторландырылған шағын қозғалыс құралдарын және жоғарыда аталғандарға ұқсас басқа да құрылғыларды жолаушыларға барлық жолжүк түрлерінде тасымалдауға үзілді-кесілді тыйым салынады.
Смарт-жолжүк – ішінде литий батареялары, қозғалтқыштары, қуат көзі блоктары салынған, сондай-ақ ұшақ жүйелерінің жұмысына кедергі келтіретін электрмагниттік өріс сәулеленуінің қаупі бар GPS, GSM, Bluetooth, RFID немесе Wi-fi жүйелері кіріктірілген болуы мүмкін инновациялық жолжүк (сөмкелер, шабадандар және т.б.).
Егер сіз әуе кемесінің бортына осындай жолжүкті алғыңыз келсе, жолжүктің ішіндегі кіріктірілген литий батареясының алынатындығына көз жеткізіңіз. Кез келген кіріктірілген литий батареясы жолжүктен алдын ала, рейске тіркеуден өткенге дейін алынып тасталуы (бөлшектелуі) тиіс; жолжүктегі барлық электронды функциялар қатерсіздендірілуі тиіс.
Алынған батареяларды әуе кемесінің салонында қол жүгі ретінде ғана тасымалдау қажет.
Батареясыз жолжүкті тіркелген жолжүк ретінде жүк бөлігінде немесе, өлшемдері (және саны) «Эйр Астана» ережелерінде белгіленген қол жүгін тасымалдау нормалары шегінде болған жағдайда, әуе кемесінің салонында тасымалдауға болады.
«Эйр Астана» литий батареялары алынбайтын смарт-жолжүкті тасымалдауға қабылдамау құқығын өзіне қалдырады.
БОРТТАҒЫ ТАМАҚТАНУ
Бағытты және маусымдық өнімдерді ескере отырып, біз сіздерге тағамдардың мол таңдауын ұсынамыз. Ал егер сіздердің қайсыбір диеталық талаптарыңыз болса, онда біздің арнайы ас мәзіріміз бар. Арнайы тамаққа ұшудан ең кемі 24 сағат бұрын тапсырыс беруге болады.
РЕЙСТЕ ХАЙУАНАТТАРДЫ ТАСЫМАЛДАУ
«Эйр Астана» жолаушыларына шағын денелі мысықтарды, иттерді, балықтар мен тасбақаларды ұшақ салонына өздерімен бірге алуларына рұқсат
етіледі. Хайуанаттың салмағы, мысықтар мен иттерге арналған контейнердің немесе балықтарға/тасбақаларға арналған ыдыстың салмағын қоса есептегенде, 8 кг-нан (17 фунттан) аспауы тиіс.
Салмағы 8 кг-нан асатын мысықтар мен иттерді ұшақтың жүк бөліктерінде тасымалдауға болады.
Құстар мен кеміргіштерді әуе жүкқұжатын ресімдеу арқылы жүк ретінде ғана тасымалдауға рұқсат етіледі.
Тасымалдау үшін саяхат бюросындағы агентіңізді хабардар етуіңіз немесе рейсіңіз ұшардан кемінде 24 сағат бұрын «Эйр Астананың» арнайы қызмет көрсету секциясына (special.services@airastana.com) ақпарат жіберуіңіз қажет.
Хайуанатты тасымалдауға қойылатын талаптар:
1) Хайуанатыңыздың ветеринарлық паспорты
2) Ветеринарлық куәлігі
3) Хайуанатты сәйкестендіруге арналған микрочип немесе татуировка (еуропалық елдер үшін).
Қазақстан шегінде немесе Ресейге сапар кезінде 3-тармақ міндетті емес.
Жоғарыда аталған барлық құжаттарды тікелей ұшудың алдында хайуанатыңызды тасымалдауға жазған өтініміңізді тіркеу кезінде көрсету талап етіледі.
Аквариумдағы балықтарды тасымалдауға сұраныс жасағанда, ыдыс сыйымдылығының көлемі, балықтардың саны мен салмағы көрсетілуі тиіс. Ұсақ балықтар тасымалдау үшін қажет ең аз мөлшердегі — 100 мл су құйылған, қақпағы бар (ауа кіретін саңылауларымен) арнайы шыны құтыларда тасымалданады. Балықтарды пластик пакеттер мен аквариумдарда тасымалдауға қатаң тыйым салынады.
Бір жолаушыға тек бір хайуанат салынған бір контейнерді ғана тасымалдауға рұқсат етіледі.
Ұшақ бортында қауіпсіз сақтауды қамтамасыз ету үшін контейнердің ең жоғары габариттері A320/A321/B757/B767 үлгісіндегі ұшақтар үшін – 30 x 47 x 27 см-ге және Е190 ұшағы үшін
29 x 43 x 26 см-ге тең болуы тиіс.
Хайуанатты жүк бөлігінде тасымалдау кезінде ең жоғары салмақ, контейнердің салмағын қоса есептегенде, 50 кг-нан аспауы тиіс. Олай болмаған жағдайда, хайуанаттар әуе жүкқұжатын ресімдеу арқылы жүк есебінде тасымалдауға қабылданады. Салмағы 40 кг-нан асатын хайуанаттарды берік ағаш контейнерлерде тасымалдау қажет.
Бір контейнерде бірге тұрып үйренген, шамамен бірдей көлемдегі екі хайуанатты ғана тасымалдауға болады, әрі әр хайуанаттың салмағы 14 кг-нан аспауы тиіс. Салмағы 14 кг-нан асатын хайуанаттар жеке контейнерлерде тасымалданады. Бір контейнерде алты айлықтан аспайтын ұялас үш күшікті/марғауды ғана тасымалдауға рұқсат етіледі.
Хайуанатты (контейнердің салмағын қоса есептегенде) ұшақ салонында, сондай-ақ жолжүк бөлімінде тасымалдауға төленетін төлем сіздің сапарыңыздың бағытына қарай, нормативтен жоғары жолжүктің 1 кг-на алынатын тариф бойынша екі есе көлемде жасалады. Тарифтер бойынша ақпарат — біздің әуе компаниямыздың ресми сайтындағы «Нормативтен жоғары жолжүк» бөлімінде. Егер сіздерде сұрақ туындаса, онда special.services@ airastana.com адресіне жазу арқылы хабарласыңыздар.
ЕРЕСЕКТЕР АЛЫП ЖҮРМЕЙТІН БАЛАЛАР
«Эйр Астана» компаниясы ересектер алып жүрмейтін 6 жастан 15 жасқа дейін қоса алғандағы кәмелетке толмаған балаларды өз ұшақтарының бортында құшақ жая қарсы алады.
Ересектер ертіп жүрмейтін кәмелетке толмаған балаларды тасымалдау қызметі үшін «Эйр Астана» әуе компаниясы қосымша алымдар алмайды.
Қазақстан шегіндегі ішкі рейстерде ересек адам ертіп жүрмейтін, 6-14 жастағы кәмелетке толмаған балалар үшін билеттің бағасы ересектерге белгіленген қолданыстағы толық тарифтің 50%-ын құрайды. Кәмелетке толмаған, ересектер ертіп жүрмейтін 15 жасқа толған балалар ересектерге белгіленген толық тарифтік мөлшерлемені төлейді.
Халықаралық рейстерде ересектер ертіп жүрмейтін 6-11 жастағы кәмелетке толмаған бала үшін билеттің бағасы ересектерге белгіленген қолданыстағы толық тарифтің 75%-ын құрайды. Ересектер ертіп жүрмейтін 12-15 жастағы балалар ересектерге белгіленген тарифтің толық бағасын төлейді.
Жолда аялдама жасайтын, тікелей ұшпайтын рейстерде балалардың ересек адамдардың ертуінсіз саяхаттауларына рұқсат етілмейді.
Билетті брондау кезінде ересектер ертіп жүрмейтін, кәмелетке толмаған баланың ата-анасы немесе қамқоршысы арнайы бланкті толтыруы және оған қол қоюы тиіс. Өтініште ұшу орнына дейін алып баратын ересек адам, сондай-ақ балаға жауап беретін және әуежайдан күтіп алатын ересек адам туралы ақпарат көрсетіледі.
6 жастан кіші балаларға тек ересектер ертіп жүргенде ғана саяхаттауға рұқсат етіледі.
Қосымша қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, егер рейстің ұшу уақыты сағ. 23:00-ден таңғы сағ. 6:00-ге дейін болса (ұшу орнының уақыты бойынша), тіпті баламалы рейстер болмаған күннің өзінде ересектер ертіп жүрмейтін балалар «Эйр Астана» АҚ барлық ішкі және халықаралық рейстеріне тасымалдауға қабылданбайды. Ұшып келетін мезгіл кез келген уақыт болуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын кәмелетке толмаған балаларды кәмелетке толған жолаушылардың ілесіп жүруімен тасымалдағанда, әуе компаниясы баланың туу туралы куәлігін, сондай-ақ кәмелетке толмаған жолаушымен туыстығын және (немесе) оны тасымалдауға заңды құқығын растайтын құжаттарды көрсетуін талап етуі мүмкін.
Ересек адамдар ертіп жүрмейтін, кәмелетке толмаған балалар үшін билетті ұшақтың кесте бойынша ұшуынан ең кемі 24 сағат бұрын брондау қажет. Бұл үшін бізбен special. services@airastana.com адресі арқылы байланысу немесе саяхат бюросындағы агентіңізге қажетті ақпаратты хабарлау керек.
БАЛАЛАР АВТОКРЕСЛОСЫН ТАСЫМАЛДАУ
Балаға жеке орын бере отырып, әуе билеті толтырылады және тарифте қарастырылған төлем алынады. Креслоның жалпақтығы 41 см-ден аспауы тиіс. Кресло сертификатталған болуы тиіс, бұл арнайы белгінің немесе лейблдің болуымен расталады, және жолаушы отырғышына орнату үшін бекіткіштермен жабдықталған болуы тиіс. Тасымалдау үшін алдын ала сұраныс талап етіледі, оны ұшудан ең кемі 24 сағат бұрын special.services@ airastana.com адресіне жіберу қажет.
БАЛА БЕСІГІ
Емшектегі балалармен (1 жасқа толмаған) саяхаттайтын жолаушылар бала бесігін пайдалана алады.
Кейбір ұшақтардың конфигурациясы бала бесігін пайдалануға мүмкіндік бермейтінін білген жөн. Сізге қажетті рейсте бала бесігінің бар-жоқтығы туралы ақпаратты саяхатты жоспарлаудың алдында алдын ала тексеру ұсынылады. Бала бесігін резервтеу үшін бұл туралы өзіңіздің саяхат бюроңызға хабарлаңыз немесе special.services@airastana.com адресіне жазу арқылы бізбен хабарласыңыз.
ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕР
Жүктілік мерзімі 22 аптаға дейін қоса алғандағы әйелдер ұшуға берілетін рұқсаты бар медициналық анықтамасыз тасымалданады.
Бір ұрықты жүктілік кезінде жүктілік мерзімі 22 аптадан 34 аптаға дейін қоса алғандағы және көп ұрықты жүктілік кезінде жүктілік мерзімі 22 аптадан 32 аптаға дейін қоса алғандағы әйелдер жүктілік мерзімі және қанағаттанарлық денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтамасы болған жағдайда ғана тасымалданады.
Бір ұрықты жүктілік кезінде жүктілік мерзімі 34 аптадан асқан және көп ұрықты жүктілік кезінде жүктілік мерзімі 32 аптадан асқан әйелдер құзырлы дәрігерлік комиссияның жазбаша түрдегі қорытындысы болғанда тасымалданады. Қр-да тасымалдау № 035-1/у нысаны бойынша жүзеге асырылады.
Шетелдік әуежайлардан ұшатын кезде қорытындыны ұшатын елде пайдаланылатын шет тіліне аудару қажет. Қорытындының немесе анықтаманың жарамдылық мерзімі — 30 күн.
Егер болжалды босану күні таяу 7 күнде күтілетін болса, онда тіпті медициналық қорытынды болған жағдайда да әуе компаниясы жүкті әйелдерді тасымалдауға қабылдамайды.
Жас босанған әйелдер мен жаңа туған нәрестелер бала туғаннан кейінгі алғашқы 7 күннің ішінде тасымалдауға жіберілмейді.
«Эйр Астана» АҚ, егер бұл межелі елдің иммиграциялық заңнамасының талаптарымен регламенттелсе, жүкті әйелді тасымалдаудан бас тартуға құқылы.
КӨРУ ЖӘНЕ ЕСТУ МҮШЕЛЕРІ ЗАҚЫМДАНҒАН ЖОЛАУШЫЛАРҒА КӨРСЕТІЛЕТІН КӨМЕК
Көздері көрмейтін жолаушылардың жетектеуші итпен қосымша төлем жасаусыз саяхат жасауларына болады, әрі хайуанат олардың жолжүгінің бір бөлігі ретінде қаралмайды. Үйретілген жетектеуші итті иесінің аяқтарының жанында ұстап, салонда тасымалдауға болады, бірақ иттің тұмсығына тұмылдырық кигізу керек. Жолаушының итке берілген нақты ветеринарлық құжаттары мен анықтамасы және сертификаты болуы тиіс. Тек Лондонға ұшатын рейстерде жетектеуші иттер тасымалдауға жолжүк бөлімшесінде ғана қабылданады.
Есту мүшелеріне зақым келген жолаушыларға тіркеу рәсімі кезінде біздің қызметкерлеріміздің тарапынан қолдау мен көмек көрсетіледі. Бұл қызметтердің көрсетілуі үшін әуе билетін сатып алу кезінде сұраным жасау немесе speciаl.services@аirаstаnа.cоm адресіне жазу қажет.
ҚОЗҒАЛУ МҮМКІНДІКТЕРІ ШЕКТЕУЛІ ЖОЛАУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАБДЫҚ
Егер сіз ұшақтың бортына шығуға және одан түсуге қиналатын болсаңыз, біз сізге көмек көрсетуге дайынбыз, сізді тіркеу бағанынан жеткенге дейін сүйемелдеп жүреміз.
«Эйр Астана» 3 түрлі кресло-арба ұсынады: трапқа дейін, салонға дейін және салондағы орынға дейін.
Егер сіздің мүгедектерге арналған креслоңыз болса, онда ол тіркелген жолжүк ретінде тегін тасымалданады.
Жеке кресло-арбаңызды тасымалдау жөнінде қосымша ақпарат алу және көрсетілетін қызметтерге тапсырыс беру үшін сіздер ұшудан кемі 24 сағат бұрын special.services@airastana. com адресі бойынша хабарласа аласыздар.
Зембілмен тасымалданатын жолаушылар • Тек зембілмен ғана тасымалданатын жолаушылар тасымалдауға қабылданады.
• Жолаушының қасында міндетті түрде ертіп жүретін адамы болуы тиіс.
• Тиісті сұранысты special.services@airastana.com адресіне ұшудан ең кемі 72 сағат бұрын жіберу қажет. Жолаушылар өздерін әуежайға және әуежайдан тасымалдау жайын өздері қарастырулары тиіс.
МУЗЫКАЛЫҚ АСПАПТАР МЕН МОРТ СЫНҒЫШ ЗАТТАРДЫ ТАСЫМАЛДАУ
Виолончель және контрабас сияқты көлемді музыкалық аспаптармен саяхаттайтын жолаушыларға салонда қосымша орын брондау қажет.
Сіздің агентіңіз немесе «Эйр Астана» әуе компаниясының жергілікті кеңсесі аспабыңызға билет алуға көмектеседі. Аспаптың салмағы 75 кг-нан аспауы тиіс. Өлшемдері 120 x 50 x 30 см-ден (А319, 320, 321 үшін), 140 х 50 х 30 см-ден (В757, 767 үшін) және 115 х 50 х 30 (Е190 үшін) аспауы тиіс.
Салмағы 75 кг-нан аспайтын және өлшемі
120 x 50 x 30 см-ден аспайтын сынғыш заттарды тасымалдаған кезде де қосымша билет қажет болады.
Жолаушылар салонында музыкалық аспаптарды тасымалдау туралы қосымша ақпарат алу және сұранымдарыңызды жіберу үшін special.services@airastana.com арнайы қызмет көрсету бөліміне хабарласыңыз. Жолаушылар салонында теледидарларды және басқа да тұрмыстық электр-техникалық жабдықтарды тасымалдауға болмайды. Cargo@ airastana.com адресіне жазу арқылы «Эйр Астана» әуе компаниясының жүк тасымалдары жөніндегі коммерциялық бөліміне хабарласыңыз.
Гитараларды, саксофондарды және басқа да осыған ұқсас көлемдегі музыкалық аспаптарды қол жүгі ретінде тасымалдауға болады.
Шағын көлемді ұсақ техниканы (қысқа толқынды пеш, тостер, магнитофон және т.с.с.) тіркелген жолжүк ретінде тасымалдауға болады.
СПОРТТЫҚ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТЫ ТАСЫМАЛДАУ
Егер сіздер өздеріңізбен бірге саяхатқа спорттық құрал-жабдық алатын болсаңыздар, онда өздеріңіздің турагенттеріңізден немесе бізден ықтимал қосымша алымдар мен тасымалдау талаптары туралы консультация алыңыздар, ол үшін special.services@airastana. com адресіне жазыңыздар.
Шаңғы/сноуборд
Шаңғы мен сноубордты тіркеуден өткізу қажет
емес. Жабдықтың осы түрін мұқият орау керек және ол жүк бөлігінде тіркелген жолжүк есебінде тасымалдануы тиіс. Егер жабдықтың жалпы салмағы эконом-класта рұқсат етілетін 20 кг-нан немесе бизнес-кластағы 30 кг-нан асып кетсе, онда нормадан тыс жолжүк тарифі бойынша қосымша төлем алынады (бағытына қарай).
Жолжүктің бір орны мыналарды қамтиды: бір жұп шаңғы бір жұп шаңғы таяқтары бір жұп шаңғы бәтіңкесі сноуборд.
Осы ережелер сондай-ақ теннис, сквош, бадминтон, балық аулау, су шаңғысы, салт атпен жүру, дөңгелекті коньки, садақ ату сияқты спорт түрлеріне арналған жабдықты тасымалдауға, сондай-ақ байдарка ескегі мен кәдімгі ескекті тасымалдауда да қолданылады.
Жоғарыда аталған ережелер «Базалық» тарифі үшін қолданылмайды, онда спорттық құрал-жабдықты тасымалдау төлемі нормадан тыс жолжүк ретінде алынады.
• • • •
Велосипед
Велосипедті тасымалдау үшін special. services@airastana.com арқылы қосымша брондау қажет. Бір жолаушы тек 1 велосипедті ғана тасымалдай алады. Ұшудың алдында велосипедті мұқият орау, мүмкіндігіне қарай бүктеу және педальдарын алу қажет. Велосипедті тасымалдау үшін төлем алынады. Оның құнын әуе билеттерін сататын агенттікте немесе әуе компаниясының сайтында нақтылаңыз.
Гольф
Гольф ойынына арналған құрал-жабдық алдын ала брондауды қажет етпейді. Оны мұқият орап, тіркеуде жолжүк бөлігіне өткізу қажет. Құрал-жабдық жинақтамасына клэбтарға арналған сөмке, 13 доптаяқ, 12 доп, қазықшалар және 1 жұп аяқ киім кіреді. Гольфқа арналған құрал-жабдықтарды тасымалдау үшін төлем алынады. Оның құнын әуе билеттерін сататын агенттікте немесе әуе компаниясының сайтында нақтылаңыз.
Спорт қаруы
Егер сіздер спорт қаруын тасымалдауды жоспарласаңыздар, онда әуе компаниясының алдын ала рұқсаты қажет. Ақпарат пен рұқсат алу үшін special.services@airastana.com адресіне хабарласыңыздар.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ!
Спорт қаруын тасымалдау кезінде сондай-ақ Дкк-нан лицензияны, паспортының көшірмесін және National Shooting Sport Association of Thailand рұқсатын сұрату қажет.
Біріккен Араб Әмірліктеріне (БАӘ) қару тасымалдау туралы сұранымды ұшудан ең кемі 2 апта бұрын жіберу қажет. БАӘ сұранымды өңдеу үшін 170 араб дирхемі мөлшерінде алым алады. Сұраным қабылданбаған жағдайда, төленген сома қайтарылмайды.
РАДИОЭЛЕКТРОНИКАНЫ ТАСЫМАЛДАУ
Егер олардың өлшемдері мен салмағы қол жүгінің габариттерінен аспайтын болса, сіздер тасымалдау кезінде ерекше сақтық шараларын қажет ететін заттарды салонға алуларыңызға болады. Ұшу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін электронды құрылғыларды (мобильді телефондар, компьютерлер және т.с.с.) пайдаланбауларыңызды өтінеміз, олар ұшақтың көтерілуі мен төмендеуі кезінде радионавигациялық жабдық пен аппаратураның жұмысына кедергі келтіруі мүмкін.