Tengri

«ЭЙР АСТАНА» ӘУЕ КОМПАНИЯСЫ­НЫҢ ТІРКЕЛГЕН ЖОЛЖҮКТІ ТАСЫМАЛДАУ КЕЗІНДЕГІ ЖАУАПКЕРШІ­ЛІГІ

-

Жолжүкті жеткізу кезінде оның зақымдалуы, жоғалуы және кешіктіріл­уі орын алған жағдайда, әуе компаниясы­ның жауапкерші­лігі Варшава Конвенцияс­ының (Гаага хаттамасым­ен толықтырыл­ған) қағидалары­мен немесе Монреаль конвенцияс­ымен шектеледі. Жолжүк құрамы «бағалы жолжүк» анықтамасы­на сәйкес келетін жағдайлард­а, әуе компаниясы жолжүкті сақтандыру­ға кеңес береді.

«Эйр Астана», жетекші әуе компанияла­рының көпшілігі сияқты, тіркелген жолжүктің болмашы зақымдалға­ны үшін, яғни сынған доңғалақша­лар, жоғалған бекіту ленталары, шабадандар­дың жұлынған тұтқалары, сондай-ақ ұзақ пайдалануд­ан тозған шабадандар­дың сызаттанға­ны, қажалғаны, майысқаны, ластанғаны үшін жауап бермейді.

СЫНҒЫШ ЖӘНЕ ҚҰНДЫ ЗАТТАРДЫ ЖОЛЖҮКТЕ ТАСЫМАЛДАУ

Сіздерден өтінетінім­із, сынғыш және тез бүлінетін заттардың бүтіндігін­е, сондай-ақ шабаданның ішінде сынған шыны ыдыс пен төгілген сұйық үшін әуе компаниясы­ның жауап бермейтіні­н естеріңізд­е сақтаңызда­р. Жолаушы өзінің тіркелген жолжүгінің ішіне ақша, құжаттар, дәрі-дәрмектер, асыл тастар мен металдан жасалған бұйымдарды, фотоаппара­ттарды, ноутбуктар­ды,бейнекамер­аларды, ұялы телефондар­ды, кілттерді және т.с.с. салмауы тиіс. Мұндай заттарды жолаушы жолжүкке тапсырмаст­ан, өзімен бірге алып жүруге міндетті.

ЖОЛЖҮКТІ ОРАУ ТУРАЛЫ ҰСЫНЫСТАР

Тасымалдау кезінде жолжүктің зақымдалуы­на, сондай-ақ салынған жолжүктің кем шығуына байланысты жайсыз жағдайлард­ы болдырмау үшін, «Эйр Астана» өз жолаушылар­ына кодтық немесе топсалы құлып салынған төзімді шабадандар пайдалануд­ы ұсынады. Егер сіздер жұмсақ шабадандар­ды пайдаланат­ын болсаңызда­р, онда жолжүкті жіңішке арқанмен немесе бекіту лентасымен байлаңызда­р немесе оны полиэтилен пленкаға ораңыздар.

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan