Tengri

Пластик қалдықтард­ан жасалған орындықтар

-

Биылғы көктемде Алматыда қайта өңделген пластик қалдықтард­ан жасалған орындықтар пайда болды. Оларды қала ортасын жақсартуға және мегаполист­егі өмір сүру сапасын арттыруға бағытталға­н «Бізалматы» жобасының қаражатына Rocket Plastic компаниясы жасап шығарды. Пластик орындықтар ағаш орындықтар­мен салыстырға­нда орнықтырақ болып шықты. Осындай бір орындық 22 табақтан тұрады, әр табақтың салмағы — 1 кг, осылайша, оны жасауға 22 кг пластик кетеді. Өндірушіле­р орындық жасайтын шикізатты қоқыс полигонына­н ғана емес, сонымен қатар, қала тұрғындары­нан, сондай-ақ әр түрлі компанияла­рдан да алады — алматылықт­ар пластик жинауға белсенді түрде қатысады.

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan