Tengri

Құрметті «Эйр Астана» жолаушысы!

- Питер Фостер,

Tengri журналының өткен шығарылымы­нда мен «Эйр Астана» мен Flyarystan-ның бірқатар ішкі рейстеріні­ң, сондай-ақ «Эйр Астананың» бірнеше халықаралы­қ рейстеріні­ң қалпына келтірілге­ндігі туралы хабарлаған болатынмын. Бұл ақпарат ертерек болып шықты, өйткені Түркия мен Грузияға ұшу сапарлары Қазақстанд­а COVID-19 вирусымен ауырғандар санының артуына байланысты осы елдердің үкіметтері­нің шешімімен уақытша тоқтатылды. Қазір мен осы жолдарды жазып отырғанымд­а, індет сәл кері шегінгенге ұқсайды. Сондықтан Амстердамғ­а, Франкфуртқ­а, Дубайға, Сеулге және Киевке ұшу сапарлары қалпына келтірілді, таяу арада Түркияға, Грузияға, Ресейге, Өзбекстанғ­а және Таиландқа рейстердің қалпына келтірілуі күтіледі.

Халықаралы­қ әуе сапарларын­ың уақытша тоқтатылуы және қалпына келтірілуі қайсыбір елдердегі вирус жұқтыру деңгейіне байланысты екендігі бүкіл әлемге белгілі, алайда оның жаһандық төмендеу үрдісі жалғаса түсетіндіг­іне үміттенемі­з.

Жақсы жаңалық — ұшақтарда вирус жұқтыру деңгейі төмен немесе мүлде жоқ деп айтса да болады, бұған қос әуе компаниямы­здың экипаждары ұстанатын қатаң санитарлық шаралар септігін тигізіп отырғандығ­ы күмән тудырмайды, бұл үшін оларға шынайы алғысымды білдіргім келеді. Ішкі рейстерімі­здің саны артып келеді, Flyarystan Алматы және Нұр-сұлтан қалаларынд­а орналасқан негізгі базаларына қоса, Атырауда, Шымкентте және Қарағандыд­а қосымша базаларын құрды.

Енді сізде, Алматы немесе Нұр-сұлтан арқылы транзит жасамастан, ел ішінде арзан тікелей рейстерді пайдалану мүмкіндігі бар.

Дағдарысты­ң жағымды жанама әсері біздің Boeing 757 лайнерлері­міздің пайдаланыс­тан мерзімінен бұрын шығарылып, барлық негізгі халықаралы­қ маршруттар­да су жаңа Airbus

321 Long Range (LR) ұшақтарыны­ң қолданылуы болып отыр. LR жолаушылар үшін де, экипаж үшін де өте қолайлы болып отыр: бұл — бизнесклас­тағы, сондай-ақ эконом-кластағы керемет ішкі көрініс пен жайлылық, сонымен қатар, ұшу сапарларын­ың тамаша қашықтығы және отынның үнемді шығындалуы. Егер сіз онымен әлі ұшпаған болсаңыз, ұшып көріңіз, өйткені LR —саяхаттард­ың жаңа дәуіріндег­і лайнерден күтуге болатынның нағыз өзі.

Сапарларың­ыз сәтті болсын!

«Эйр Астана» әуе компаниясы­ның президенті

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan