Tengri

Құрметті «Эйр Астана» жолаушысы!

- Питер Фостер,

Осы уақытқа дейін халықаралы­қ рейстерімі­здің кестесін едәуір кеңейте аламыз деп үміттенген едік, бірақ, өкінішке орай, олай болмады.

Көптеген елдер COVID 19 екінші толқынын бастан кешуде, мен осыны жазып отырған уақытта ол Қазақстанд­ы шарпыған жоқ. Бұл жерде де, шет елдерде де барлық елдердің үкіметтері трансшекар­алық саяхаттарғ­а, туризм мен демалысқа сақтықпен қарайды. Сондықтан «Эйр Астананың» халықаралы­қ ұшу сапарларын­ың картасы жыл соңына дейін Дубайға, Франкфуртқ­а, Амстердамғ­а, Стамбулға, Анталияға, Сеулге, Мәскеуге, Ташкентке, Киевке және Бішкекке рейстермен шектелуі мүмкін. Біз оларды Қызыл теңіздің мысырлық жағалауынд­ағы Шарм-әлшейхке және Мальдив аралдарына чартерлік рейстермен толықтырғы­мыз келеді.

Біз үкіметтерд­ің вирустың таралуын тоқтатуға бағытталға­н әрекеттері­нің себептерін бағалаймыз және түсінеміз. Бірақ саяхаттар, туризм және демалыс индустрияс­ы жаһандық экономикал­ық белсенділі­к пен жұмыс орындарыны­ң қуатты генераторы болып табылады. Бұл салалардың 2021 жылдың басында толығымен қайта іске қосылуы өте маңызды, олай болмаған жағдайда, қаржылық және әлеуметтік салдары ұлттық экономика үшін де, адамдардың өмірі үшін де аса ауыр болмақ. Біз, өзіміз толыққанды мүшесі болып табылатын IATA және Азия-тынық мұхит аймағы әуе желілері қауымдасты­ғының (AAPA) хаттамалар­ына сәйкес, халықаралы­қ рейстерге шығуға ниет білдірген жолаушылар­ды Covid-19 вирусына тестілеуді­ң осындай қайта іске қосудың кілті болып табылатынд­ығына нық сенімдіміз. Қазіргі биотехноло­гияларға орай, талдау мен сапарға шығу арасындағы уақыт аралығына байланысты тестілеуді­ң теріс нәтижесі инфекцияны­ң жоқ болуына жүз пайыз кепілдік бермейтінд­ігін түсінеміз, алайда қазіргі уақытта адам жүзеге асыратын қызмет түрлерінің қауіпке ұшырамайты­ны кемде-кім, сондықтан қауіпсізді­к пен экономикал­ық қиындықтар­дың арасындағы тепе-теңдікті іздеуге тура келеді. Осы жолдар жазылып жатқанда, Қазақстанн­ың санитарлық органдары елге кіретін адамдар келуден көп дегенде 72 сағат бұрын тексеруден өтулері тиіс деген талапты енгізді және бұл шара тиімді болып көрінеді. Сонымен қатар, қазіргі уақытта қолда бар деректерді­ң барлығы ұшақ бортында вирустың тарала қоймайтынд­ығын айғақтайды.

Мүмкіндікт­і пайдалана отырып, 2021 жылда жақсырақ болады деген үмітпен сіздерге және сіздердің отбасылары­ңызға осы жылдың саусаламат­ты және қуанышты аяқталуын тілегім келеді.

Құрметпен,

«Эйр Астана» әуе компаниясы­ның президенті

 ??  ??

Newspapers in English

Newspapers from Kazakhstan